Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Ынтымақтастық педагогикасы



Pdf көрінісі
бет66/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Ынтымақтастық педагогикасы.
Талап ету педагогикасынан қарым-
қатынас педагогикасына кӛшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен 
тәрбиенің ажырамас бірлігі: 
- мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект, 
мұғалім де субъект; 
- оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас; 
- оқушы мен мұғалім арасындағы ӛзара түсінушілік, ынтымақтастық 
қарым-қатынас. 
Білім беруді ізгілендіру технологиясы.
Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу
олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен 
жүрегіне жылылық ұялату.
Бағдарламалық оқыту технологиясы.
Ғылыми негізде түзілген 
бағдарлама негізі оқытушылық тиімділігін арттыру, баланың жақсы қасиеттерін 
ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының кӛмегімен бағдарламаның оқу 
материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бӛлігі арқылы логикалық бірізділікпен 
берілген.


Оқытудың компьютерлік технологиясы.
Ақпаратпен жұмыс істей білуді 
қалыптастырып және қатынас қабілетін дамыту, жеке баланы «ақпараттық 
қоғамға» даярлау. Мұнда оқушының тікелей компьютермен қатынасу арқылы
орындалады. Яғни баланың жақын қасиетттеріне қарай компьютерге бейім 
информатикамен есептеу технологиясының негізгі ұғымдарын білу, т.б.
Оқу және жазу арқылы 
сын тұрғысынан дамыту
. Аталмыш 
бағдарламның ерекшелігі ішкі құрылымында. Құрылым 3 деңгейден тұратын 
оқыту үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын 
қалыптастырады. Ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға 
үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, 
мағынаны тану, ой толғанысы кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті 
мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйрену не 
үйренгенін саралап салмақтап, оны қандай жағдайда, қаншалықты керектігін ой 
елегінен ӛткізеді. Белсенді түрде ӛз білім жолына қайта қарап ӛзгерістер енгізді.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану 
тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері 
мектептердегі жаңару процесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам қабылдап, 
оларды тәжірибеде пайдалануда үлкен белсенділік танытуда. Ұстаздардың 
педагогикалық тәжірибесінде «технология» ұғымымен бірге «интерактивті 
оқыту» ұғымы кеңінен қолданылуда. Сӛздікте кӛрсетілгендей интерактивті 
оқыту ӛзара әрекет тактикасы мен стратегиясын жасау, бірлескен іс-әрекет 
ұйымы деген мағына білдіреді. (Гузеев В.В. Педагогическая техника в 
контексте образовательной технологий. М.: Народ. Образование, 2001. 104 -
бет) В.В.Гузеев еңбегінде «Ақпараттар ағымының таралу сипатына қарай сабақ 
оқыту режимдеріне бӛлінеді. Егер ақпараттар ағымы екі жақтылы болса, ондай 
режимдегі сабақты интерактивті» деп атаған. (Қазақ тілі терминдерінің салалық 
ғылыми түсіндірме сӛздігі. Педагогика және психология. Алматы: Мектеп, 
2002. 8-9 бет)./ 
Ал М.В.Кларин: Интерактивті оқытудың тиімділігі интерактивті ойындар 
мен жаттығуларға негізделген, - деген ойын айтады. Клариннің анықтамасы 
бойынша қазіргі оқу үрдісі интерактивті әдістерге негізделгендіктен бұл 
ұғымды жиі кездестіруге болады. Интерактивті оқыту ағылшын тілінен 
аударғанда interactive learning арнайы ұйымдастырылған оқушы мен мұғалімнің 
бірлескен іс-әрекеті және ол ойындар мен жаттығуларға негізделген. 
Интерактивті оқытудың негізі тікелей оқушылардың оқу ортасымен 
байланысты. Бұл ұғымды терең түсіну үшін әсіресе оқушылардың іс-
тәжірибесін білім алудың қайнар кӛзі деп түсіну керек. Дәстүрлі оқытуда 
мұғалім оқу ақпаратын «фильтр» секілді ӛзінен ӛтікізіп оқушыға жеткізеді, ал 
интерактивті оқытуда кӛптеген ақпарат басылымдары іс-әрекетке кӛмекші 
рӛлін атқарады.
Интерактивті оқытуда сабақ ӛткізу кезінде мұғалім кеңесші, серіктес рӛлін 
атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, 
толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі 
де араласа алады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін. Қарсы топтан 
болғандықтан ол сұхбатқа ӛзінің сұрағымен немесе екі оқушының сұхбатында 


айтылмаған тақырыпқа қатысты тың дерегімен де кіре алады. Мұны полилог 
дейді. Бұл білім алуды жеделдетеді және кездескен қиындықтарды жеңуге 
кӛмектеседі. 
Бүгінгі таңда жаңа технологияның әдіс-тәсілдер топтамасын дендеп енген 
интерактивтік оқыту әдіскер ғалымдардың назарын ӛзіне барынша аударып 
отыр. Себебі бұл әдіс оқушының бойында тӛмендегідей әдет-дағдыларды 
қалыптастырады. 
-
оқушы ӛзін-ӛзі батыл, еркін сезінеді. Үйреніп жатқан пәнге деген 
қызығушылығы артады. Яғни, ӛз қажеттілігі үшін үйренуге ынтасы артады; 
-
ӛзіне бӛлінген тақырып бойынша сӛйлеу барысында ойлануға, ізденуге, 
шығармашылықпен жұмыс істеуге тіпті ӛзінің бүкіл түйсігін, сезімін белгілі 
бір мәселеге жұмылдыруға үйренеді; 
-
оқушылар топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді; 
Бұл тәсілмен ӛткізілген сабақта мұғалім әр оқушыға жеке кӛңіл бӛле 
алады. Себебі әрбір оқушының жеке ӛзіне ғана бӛлінген тапсырмасы болады. 
Мұнда әр оқушы ӛз жұмысының нәтижелі болуын кӛздейді. Сӛйте тұра олар, 
топ болып, жұп болып жұмыс істейтіндіктен бірлескен әрекеттерінің де 
жеткілікті болуын мақсат етеді. Сондықтан білімі тӛмен оқушылар озат 
оқушылардан кей жерлерде тапсырманың орындалу барысынан кӛмек алса, ал 
озат оқушылар топтың әрекетте артта қалмауы үшін серіктесіне кӛмек береді. 
Осылайша интерактивті оқыту оқушыларды мәселені бірігіп шешуге үйретеді. 
Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді. 
Қорыта 
келгенде, 
интерактивті 
оқытуды 
оқу-тәрбие 
үрдісінде 
пайдаланғанда оқушыны субъект тұрғысынан қарастырғанда оқытудың 
нәтижелі, білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге 
деген жауапкершілігі, қызығушылығы артып, оқушының ӛз бетінше жұмыс 
істеуге ынтасы аянып, ізденушілік–шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері 
артады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.«Технология» ұғымына аңықтама беріңіз. 
2.Педагогикалық технологияның мәні неде? 
3. Педагогикалық технологиялар қалай топталады? 
4. Бастауыш сыныпта қолданылатын педагогикалық технолгияларға шолу 
жаса. 
5. Дамыта оқыту технологиясы. 
6. Оқытудың модульдік технологиясы. 
7. Проблемалық оқыту технологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет