Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет62/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

 Әдебиеттер
1.
Р.М. Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика» Алматы, 2002 209- 213 
беттер 
2.
Т. Сабыров Оқыту теориясының негіздері. Алматы, 1993 12-15 беттер 
3.
М. Жұмабаев «Педагогика» 1992, 112б. 
4.
М.И. Махмутов Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. А., 1981, 
57- 64 беттер 
5.
Ж.Т. Дәулетбекова Оқушылардың оқу мотивтері- сапалы білім негізі. А., 
2001, 9- 22 беттер 
6.
А.К.Маркова Формирование мотивации учения в школьном возрасте. М., 
1983, 192 стр. 
 
Дәріс №15 
Тақырыбы

Бастауыш оқытудағы педагогикалық технологиялар
Жоспары: 
1. «Оқыту технологиясы» туралы түсінік 
2. Негізгі педагогикалық технологияларға сипаттама (дәстүрлі технология, 
дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, модульдық 
оқыту технологиясы, оқытудың ойын технологиясы, тұлғаға бағытталған білім 
беру технологиясы және т.б., авторлық педагогикалық технологиялар).
3. Бастауыш мектепте интерактивті оқыту технологияларын пайдалану. 
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne - шеберлік, кәсіп 
және logos - ғылым, білім деген сӛздерінен шыққан. 
Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сӛздікті енгізу 
«индустриалдық» технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген 
идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен 
байланыстырылады. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің 
аймағындағы ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И.Пидкасистый және т.б.) қолдайды. 
Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу 
материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін 
(Т.А.Ильин) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық 


технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы 
нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталады. 
Оқытудың педагогикалық технологиясының мәні тұңғыш рет академик 
В.П.Беспалько еңбектерінде ашылды. Педагогикалық технологияның жаңа 
аспектілері 
мен 
түрлері 
В.И.Монахов, 
Г.А.Монахова, 
М.В.Кларин, 
П.И.Третьяков, 
И.П.Сенновский, 
М.А.Чошановтың 
жұмыстарында 
қарастырылды.
Аталған 
жұмыстарда 
кӛрсетілгендей, 
оқытудың 
педагогикалық 
технологиясы мектепте білім беру ісін ізгілендіру мен демократияландыруға
мұғалім мен оқушының шығармашылық жұмысына жағдай жасауға, олардың 
субьект – субьект» түріндегі ӛзара қатынасына негіз болып табылады.
Білім берудегі жаңа технологиялардың негізгі сипаты - ізгілендіру. 
Білімдік технологиялар жеке тұлғаны ұйымдастыруға бағытталады, онда жеке 
пәндердің білімдік дәрежесі ӛзгеріп, олар қоршаған ортаны танудың құралына 
айналады, оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, дамиды. Мұндағы басты 
мәселе білім мазмұнын байытуға бағытталған белсенді танымдық әдістерді 
қалыптастыратын жаңа технологияларды жасап, оны тәжірибеге ендіру. 
Технология – бұл іс-әрекетті ұйымдастыру және оның жүзеге асыруда 
құралдарды таңдау ережесі (В.В.Гузеев). В.В.Гузеев қазіргі кезеңдегі 
технологияның бұрынғыдан айырмашылығын кӛрсете отырып, былай деп 
жазады: «Бұрын бір құралды құрастырып, оны ұқсас жағдайларда бірнеше 
жылдар бойы қолдануға болатын. Қазір ұқсас жағдайлардың бар екенінің ӛзі 
қарама- қайшы келеді». 
Педагогикалық технология – педагогикалық процесті ұйымдастыру мен 
жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) (Г.Т.Хайруллин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет