Мамандық: 050102 бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі ПӘН: «Бастауыш мектептегмектептег қазіргі педагогикалық технологиялар» пәні бойынша негізгі түсініктер
МАМАНДЫҚ: 050102 бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі ПӘН: «Бастауыш мектептегмектептег қазіргі педагогикалық технологиялар» пәні бойынша негізгі түсініктер Технология– (грек-techne-өнер, шеберлік, іскерлік және логия – ілім, білім) – дайын бұйым алу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Технология -бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.(орыс тілінің түсіндірме сөздігі)
Оқыту технологиясы– бұл дидактикалық жүйенің құрамдас,процессуалдық бөлігі (М.Чошанов).
Оқу-тәрбие процесін технологияландыру - білім беру мен тәрбиелеу проблемаларын сапалы жаңа деңгейде шешуге мүмкіндік беретін объективті құбылыс.
Педагогикалық технология -оқу процесін жүзеге асыратын мазмұндық техника (В.П.Беспалько).
Педагогикалық технология – бұл оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету рпоцесін сипаттау (И.П.Волков).