Педагогикалық технология - әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың әдістерінің жиынтығын қолдануға байланысты педагогтың іс-қимылдарының өзара байланысқан жүйесі.
Білім беру технологиясы – оқытудың нәтижесін жоспарлайтын бірнеше түсініктер енгізілген жүйе, оқушылардың ағымдағы жағдайын болжау-айқындау құралы, оқытудың көптеген модельдері және нақты шарт бойынша оқытудың оңтайлы моделін таңдау өлшемі.
Педагогикалық технология – оқыту процесі және мұғалімдік оқыту мен тәрбиеде жоспарлаған мақсатына жету мен нәтижесі.
Педагогикалық техника – берілген модельдің шеңберінде пайдаланатын құралдар мен өзара әсер ету тәсілдері.
Педагогикалық инновациялар – оқу тәрбие процесінің нәтижесін және ағымын жақсартатын педагогикалық жүедегі жаңа енгізулер.
Педагогикалық еңбек технологиясы – «педагог-оқушы» арнаулы жүйесімен анықталатын сабақтастық әрекеттер кешені.