Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін



Pdf көрінісі
бет60/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін 
айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған оқу мақсатын 
түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс. 
Критериалды бағалау технологиясын пайдалану қандай да бір 
практикалық дағдының қалыптастырылғанын, оқу материалының 
қаншалықты табысты меңгерілгенін анықтауға мүмкіндік беретін анық 
айқындалған, алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың 
жетістіктерін салыстыру. Осыған сәйкес, әрбір білім алушының жалпы 


дайындық деңгейінің өзгерістері сияқты, оның алдыңғы жетістіктерімен 
салыстырғандағы табыстарының динамикасын да тіркеуге мүмкіндік бар. 
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді 
ұйымдастыру, білім алушыларға уақытылы қолдау кӛрсету және олардың 
оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың 
нәтижелері туралы ақпарат ұсыну үшін қолдану ұсынылады. Бағалаудың 
бұндай жүйесі біріншіден балаларды табысты оқуға ынталандыруға, біліміндегі 
олқылықтарды анықтауға және олардың ӛсуін кӛрнекті түрде кӛрсетуге 
бағытталған. 
Критериалды бағалау жүйесінің үлкен артықшылығы білім алушыға 
түсетін күйзеліс жүктемесінің тӛмендеуі болып табылады. Бірлескен 
ынтымақтастықта ӛзіндік, жұптық, топтық жұмыс дағдыларын иелену процесі 
белгісінен, маңызды әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға ӛзгереді. 
Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын 
дамыту, оқытудың ізгілікті, достық ортасын құру, оқу процесінде білім 
алушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген ынтасын одан әрі 
нығайту, зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерге қатысу үшін пайдаланылады. 
Критериалды бағалау жүйесі оқыту сапасын жоғарылатуда маңызды рӛл 
атқарады. Сабақта критериалды бағалау жүйесінің міндеттері мынадан кӛрініс 
табады: 
-сабақтың әр бӛліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау; 
-бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарының орындау; 
-жеке оқушының даму жетістігін бақылау; 
-дер кезінде оқушылардың олқылықтары мен қателіктерін түзету; 
-оқушылардың алған бағасының әділдігіне кӛз жеткізу; 
-сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және 
ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету; 
Пән бойынша критериалды бағалаудың екі түрін де жүзеге асырамыз. 
Қалыптастырушы бағалау күнделікті сабақ барысында оқу үдерісінің ажырамас 
бӛлігі ретінде қолданады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, 
оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және 
балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. 
Жиынтық бағалау оқу бағдарламсының бӛлімдерін ортақ тақырыптарын және 
белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған 
оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы 
ӛткізіледі.
Сабақта критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушының 
тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, дайындық деңгейі мен ӛсу 
динамикасын кез-келген кезде анықтаймыз, әр түрлі жұмыстардан алған 
бағаларды дифференциалдауға болады, оқушылардың бағалау жүйесіне толық 
қанағаттауын аламыз. Критериалды бағалау жүйесі ӛзінің дәлдігімен, 
нақтылығымен, әділдігімен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет