Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет61/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Бақылау сұрақтары: 
1.Оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижесін бақылау мәні 
2.Оқу жұмысы нәтижелерін бақылау принциптері, функциялары 


3.Оқу жұмысы нәтижелерін есепке алу мен бақылауға қойылатын талаптар 
4.Оқу жұмысы нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың түрлері 
5.Ауызша бақылау әдістері 
6.Жазбаша бақылау әдістері 
7.Практикалық бақылау әдістері 
8.Дидактикалық тест 
9. Жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалау жүйесі. 
10. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау. 
 
Дәріс №14
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивтері 
 
Жоспар:
1. 
Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. 
2. 
Мотив. Оқу мотивтерінің топтастырылуы
 
 
Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Педагогика және 
психология салалық ғылыми түсіндірме сӛздігінде: оқу құрылымына 
оқушылардың ӛзінің жеке әрекетін және оқу әрекеттерін ұйымдастыру, 
оқушылардың білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын ынталандыру 
және білімді меңгеруінің, оқу әрекеттерін орындауының сапасын реттеу, 
бақылау. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал 
құрылымына оқыту процесінің құрамды бӛліктеріне танымдық іс-әрекетінің 
кезеңдері кіреді. 

таным міндеттерін жете түсіну; 

жаңа материалды қабылдау; 

ұғыну – жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі; 

білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру; 

білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу; 

оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын 
тексеру, бағалау. 
Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар ӛз бетімен ізденіп 
шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір құрамды бӛліктерінің кезеңіне жеке-
жеке дайындалады. 
Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам 
санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен 
танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы 
әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда 
бейнеленуін түйсік деп атайды. 
Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, 
практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы немесе жанама 
түрде мұғалімнің сӛзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады. 
Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді 
жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал 
терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі. 


Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі. Сабақта 
жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Ӛткен оқу материалын еске 
түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады. 
Қайталау белгілі бір тарауды аяқтағаннан кейін жүргізіледі. Бұл 
оқушылардың білімін бір жүйеге келтіріп, бекітуге қолайлы. 
Оқушылардың жеке басын дамыту үшін алған білім, білік, дағдыны 
тәжірибеде қолдана білуге үйретіледі. Оқушылардың ӛз бетімен дамуына 
практикалық, лабораториялық жұмыстар ауызша және жазбаша жаттығу 
жұмыстары мүмкіндік туғызады. 
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын 
тексеру, бағалау бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекетінің бұл 
кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін 
тексермей, оқушылардың барлық жетістіктерін, білім сапасын, байымдау 
сауаттылығын, жалпы ой-ӛрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасау қажет. 
Сонда ғана оның білім мазмұны анықталып, әділ баға беріледі. 
Практика – бекіту, білімді, іскерлікті, дағдыны практикалық қолдану, оқу 
процесінің осы компоненттерін тексеру, бағалау. Сонымен оқыту процесінің 
құрамды бӛліктері сабақ үстінде оқушылардың іс-әрекеті арқылы жүзеге 
асырылады. Егер оқушылардың іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап 
процеске айналуы мүмкін. 
Мотив – адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін 
әрекетіне ішкі талаптануы. Мотив – латын сӛзі. Ол қозғаушы, итермелеуші, 
оятушы күш деген мағынаны білдіреді. Қоғам қайраткері М. Жұмабаев 
―Педагогика‖ атты еңбегінде: ―Жанымызда бір тілек бар. Сол тілекті іске 
асырғымыз келеді. Тілектің іске асуының тиістілігін бекітетін себепкер яки 
дәлел мотив деп аталады‖,- деген анықтама берген. 
Мотивтерді қалыптастыру мәселесін кӛп зерттеген ғалым А.К. Маркова 
оларды тӛмендегідей топтастырады: 
Танымдық мотивтер: а) кең танымдық мотивтер (жаңа фактіге, тілдік 
құбылысқа қызығу; оқу материалының заңдылықтарына, ұстанымдарына 
қызығу т.б.); ә) оқу- танымдық мотивтер (білімді ӛздігінен игеру тәсілдеріне, 
ғылыми таным әдістеріне, оқу еңбектерін ӛздігінен ұйымдастыруға қызығу); б) 
ӛздігінен білім меңгеру мотивтері (қосымша материалды оқып түсінуге, білімін 
жетілдіруге қызығулары) болып бӛлінеді. 
Танымдық мотивтер дұрыс қалыптастырылған жағдайда оқушы оқу 
әрекетінде кезескен қиындықтарды жеңіп, баланың танымдық белсенділігі, 
білім игерудегі белсенділігі артады, ӛзінің жан- жақты, білімді болуының 
қажеттігін сезінеді. 
Әлеуметтік мотивтердің түрлері: а)кең әлеуметтік мотивтер (қоғамға 
пайдасын тигізу үшін білім алуға ұмтылу, білімнің қажеттігін түсіну, ӛз 
жауапкершілігін сезіну т.б.); ә) тар әлеуметтік мотивтер (ӛз ортасында беделге 
ұмтылу, ӛзіндік орнын иемденуге талпыныс) бұлар басқалармен қарым- 
қатынас жасауға ұмтылдырады; б) әлеуметтік бірлесу мотивтері- оқушының тек 
қана қарым- қатынас жасауға емес, оның жолдарын, тәсілдерін меңгеруге, оны 


талдауға ұмтылуы (бұл ӛзін-ӛзі тәрбиелеу мен дамытудың негізі болып 
саналады). 
Психологиялық жағынан оқу мотивтері былай топтастырылады:

оқу әрекетінің мазмұнымен байланысты - оқудың жекелік мәнін түсіну; 
мотивтердің оқушының белсенділігі мен инициативасын арттыруға әсері, 
әр мотивтің оқу әрекетіндегі орны, мотивтердің пайда болуы, оқушының ӛз 
мотивін тануы; мотивтердің динамикалық сипатына қарай:

мотивтердің тұрақтылығы, эмоциялық әсері (жағымды, жағымсыз), 
мотивтердің байқалысы, жылдамдығы (оқушы білімді қалай қабылдайды
жалықпай ма т.б.). Бұл компоненттер оқу мотивін анықтаудың критерийлері 
ретінде де ұғынылады. 
Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты ӛзгеріп отырады. Мысалы, 
кіші жастағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері үлкен рӛл 
атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет