Практикалық сабақ №8
Тақырып: Өсімдіктерді талдау
Практикалық сабақтың мақсаты: Далалық тәжірибелер қалау әдістемесі мен техникасын білу.
Практикалық сабаққа қажетті құралдар: Интербелсенді тақта, оқу әдістемелік кешен, макеттер, ауыл шаруашылық дақылдарының кептірілген үлгілері, тұқымдары, муляждар, зертханалық құрал-жабдықтар мен ыдыстар, кептіргіш шкаф, аналитикалық таразы, дистиллятор, презентациялар, электронды оқулықтар, видоефильмдер.
Жалпы сипаттама:
Өсімдікті талдау – агрохимиялық зерттеудің негізгі міндетінің бірі болып саналады. Бұл өсімдіктің дұрыс қоректенуі мен мол, әрі сапалы өнім алуды анықтаудың тәсілдерінің қатарына жатады. Жоғары сапалы өнім жи нау үшін өсімдіктің өсіп дамуының әрбір кезеңінде бола тын өзгерістерді ескере отырып қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан өсімдіктің қоректенуін реттеуде оны тал дау маңызды орын алады. Өйткені, өсімдіктің химиялық құрамын анықтау арқылы оның қоректік заттарды қабылдау деңгейін білуге болады.
Өсімдікті талдаудың басты мақсаттары мыналар:
1. Өсімдіктің тыңайтқышқа деген қажеттілігін анықтау. Топырақ құнарлылығы тек құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы түрі мен олардың арақатынасына ғана бай- ланысты емес. Сонымен қатар топырақ реакциясы мен ерітіндідегі тұздардың қонцентрациясы, физикалық қасиеттері, құрамындағы органикалық заттардың мөлшері, қабаттарының құрылымы, микробиологиялық процестер, агротехника, ауа- райы, өсімдікті қоректік элементтермен қамтамасыз ету қабілеті және тағы басқа факторлар да топырақ құнарлылығына әсер етеді. Өсімдіктің химиялық құрамы сыртқы факторлардың жиынтығының әсерін бейнелеп көрсетеді.
2. Үстеп коректендіруге берілген тыңайтқыштың әсерін бақылау. Егер өсімдіктің тамыр түкшелері тыңайтқыштың қоректік заттарын жақсы сіңірсе, оның организмінде тиісті элементтердің концентрациясы көтеріледі және өнім мөлшері жоғарылайды.
Егістік тәжірибелер мен топырақты талдау бойын-ша дайындалған тыңайту жүйесін тексеру. Ауыспалы егіс дақылдарының химиялық құрамын анықтау арқылы тыңайту жүйесіне түзету енгізуді және тыңайтқышты тиімді пайдала-нуды қамтамасыз етеді.
Тұқымдық учаске өсімдіктерінің қоректенуін бақылау және олардың өсіп жетілуінің әртүрлі кезеңдерінде элементтердің физиологиялық маңызына байланысты тыңайтқыш қолдану.
Тыңайтқыштар және басқа агротехникалық тәсілдермен жүргізілген егістік тәжірибелердің нәтижелерін талдау және дақыл өніміне олардың әсерінің өзгеше болу себептерін анықтау. Егістік тәжірибе тыңайтқыштың өнімнің өсуіне не-месе төмендеуіне әсерін көрсетеді. Ал көптеген құбылыстар, атап айтқанда, тыңайтқыштың топырақпен әрекеттесуі, өсімдіктің қоректік заттарды пайдалануы және биохимиялық процестерге тыңайтқыштың әсері туралы мәліметтерді өсімдікті талдау арқылы алуға болады. Бұл тыңайтқыш тиімділігін аныықтауға және тәжірибе жүргізуде жіберілген кемшіліктерді түзетуге көмектеседі.
Өсімдік қоректенуінде әртүрлі элементтердің жетіспеушілігінен немесе артық болуынан пайда болған ауруларды анықтау. Мысалы, өсімдік қоректенуінде азот жетіспесе жапырақтары бозғылт, сары жасыл түсті әрі майда болады. Жемістері майда, сабақтары жіңішке, әлсіз келеді. Керісінше, азотпен артық қоректенгенде өсімдіктің вегетативтік массасы шамадан тыс күшті жетіліп, күңгірт-жасыл түске боялады, жемістің пісуі кешігеді, ауа-райының қолайсыз жағдайына қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Өсімдік өнімімен кететін қоректік элементтердің мөлшерін анықтау.
Тыңайтқыштың өнім сапасына әсерін анықтау. Сонымен өсімдікті химиялық әдістермен талдауды, тыңайтқыш қолданудың көптеген теориялық және практикалық мәселелерін анықтау үшін кеңінен пайдалануға болады. Соңғы уақытта өсімдікті талдау егістік, вегетациялық және өндірістік тәжірибелерде ілеспелі әдіс ретінде жиі қолданады. Өсімдікті ілеспелі әдіспен талдау екі бағытта жүргізіліп келеді:
өсімдікті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген зертхана жағдайында жалпылама талдау;
тікелей егістіктің өзінде өсімдік сынамасын жылдам және жеңілдетілген әдіспен талдау.
Агрохимиялық зерттеуде қолданылатын өсімдікті талдаудың химиялық тәсілдерін былай топтастырады:
күл құрамындағы химиялық элементтерді талдау;
азотты анықтау;
органикалық заттардың жеке топтарын анықтау (бе-лок, май, қант, крахмал, клетчатка, витамин, органикалық қышқылдар т.б.);
азот қосылыстарының әртүрлі формаларының мөлшерін анықтау (нитратты азот, аммоний азоты, амид азо-ты, амин азоты);
фосфор қосылыстарының әртүрлі формаларын анықтау (қышқылда еритін минералды фосфор, липидтердің органикалық фосфоры, фосфатидтер, нуклеин қышқылының фосфоры);
Бақылау сұрақтары:
Өсімдіктерді талдаудың маңызы.
Өсімдіктерді талдау құаншаға бөлінеді?
Өсімдіктерді талдау мақсаттары қаншаға бөлінеді?
Достарыңызбен бөлісу: |