Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет19/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Бақылау сұрақтары: 
1. Жас кезеңдері.
2. Балалардың жас және жеке ерекшеліктері.
3. Оқушының «дамуы», «тәрбиесі» және «жеке тұлғалық қалыптасуы» 
түсініктерінің мәнін ашыңыз. 


4. Білім беру және тәрбие беру үдерісінде балалардың жас мӛлшерінің 
және жеке дамуының заңдылығын есепке алудың ерекшелігі қандай? 
5. Индивид», «вундеркинд», «акселерация» деген ұғымдарды түсіндіріңіз. 
 
Дәріс №4 
Тақырыбы

Қазіргі бастауыш мектеп мұғалімі
Қазіргі таңда дүниежүзілік ӛркениеттілікке жету мақсатында білім беру 
жүйесін оңтайландыру қажет. Онда азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін 
білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге кӛтеру үшін бүкіл 
ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу керек. Мұны атқаратын, сӛз жоқ, 
мұғалім. 
―Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, ӛйткені мұғалім – мектептің 
жүрегі‖, - деп Ы.Алтынсарин айтқандай, қолына шырақ пен кітап ұстаған 
мұғалімнің қоғамдағы рӛлі ерекше. Әрбір білікті ұстазға білім жолында бұлдыр 
нәрсе жоқ демейміз. ―Ӛнегелі ұстаз ӛзім бол‖,‖- демейді, ―ӛзің бол‖,- дейді. 
Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға білім беру, тәрбиелеу, жетілдіру
болашағын дамыту.
Қазақстан Республикасының «Жаңа формация педагогінің үздіксіз 
педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам мұғалімі – ол 
рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, 
жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл 
тұлға, ӛзін-ӛзі дамытуға және ӛзін-ӛзі кӛрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық 
қалып-тасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуни-
кативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы 
жоғары маман деп сипаттайды. 
Бұл тұжырымдамада кӛрсетілген мұғаліміне қойылатын талаптар 
тӛмендегідей: 
Біріншіден, мұғалім жеке кӛзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі 
тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар 
мұғалім жалтақ болмайды. Ӛз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана 
түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп 
отырады, азаматтық ар-ожданын қорғай алады.
Екіншіден, мұғалім педагогикалық, психологиялық білімін күнделікті 
ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүниежүзінде ғаламтану үрдісі 
жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны кӛбейді. Мұғалім қандай пәннен сабақ 
бермесін, ол баланың, ӛмірдің әр саласына қатысты сұрағына жауап беруге даяр 
болуы керек.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы 
тиіс. Психологиялық басты заңдылық – «Адам ӛзінің шығармашылық 
ӛзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке 
ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады». Кӛп білу үшін кӛп ойлау, 
оқу керек. «Интернет» жүйесін білу керек.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру стандарты, оқулықтарды пайдалану
ақпараттардың кӛбеюі, мұғалімнің білім берудегі жетекші рӛлін жойды. Енді, 


білім беру негіздерін ӛз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. 
Ӛзінің оқушысын ӛз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі 
нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан-жақты даму үшін балаға осы салада 
мұғалім ғана кӛмектесе алады.
Тӛртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік 
сараптамалық қабілеттермен қатар ӛз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, 
дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-
салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі 
жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мүмкін.
Бесіншіден, 
мұғалімнің 
адамгершілік, 
саяси-идеялық 
ұстанымы 
жұмысында кӛрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт. 
Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін субъектіге, 
тұлғаға айналуы керек. 
Бұл мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізіп, білімге 
жаңа дәстүрлі емес инновациялық технологияларды енгізумен сипатталады. 
Жоғарыда аталған талаптардың іске асуы мұғалімнің шығармашы-лығын қажет 
етеді. Ал шығармашылық педагогикалық шеберлікке жетудің аса маңызды 
жолы. 
Ғалымдар 
Ш.Т.Таубаева мен С.Н.Лактионова болашақ мектеп
мұғалімінің бейнесін былай сомдайды: 
- балаға, мәдениетке, шығармашылыққа құндылық қатынас білдіретін; 
- балалық шақтың экологиялық тазалығын қорғайтын
- оқыту мен тәрбиенің мазмұнымен жұмыс атқара алатын;
- озық тәжірибелі педагогикалық технологияны меңгерген; 
- қоршаған адамдармен жағымды қарым - қатынас жасай алатын және
баланың дамуына қолайлы жағдай жасай алатын мұғалім. 
Ш.Т.Таубаева мен С.Н.Лактионованың болашақ мектеп мұғалімінің
бейнесін сомдауында да шығармашылықтың орны ерекше екенін байқаймыз.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына 
сәйкес «маман моделін», маман профессиограммасын жасау міндеті тұр.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген 
ғалымдар, психологтар Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Л.М. Митина, Ф.Н. 
Гоноболин, В.А. Крутецкий, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков, Н.А. Сорокин, 
И.А. Зимняя, Б.Г. Ананьев, Л.И. Анцыферова, В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев, 
Л.Д. Столяренко, П.Ф. Каптерев, т.б.
В.А.Сластениннің пікірі бойынша мұғалім профессиограммасы мыналарды 
қамтиды:
1.
Қоғамның саяси жағдайы. 
2.
Әлеуметтік–психологиялық, этикалық – педагогикалық және 
ұстаздың жеке басының сапалары. 
3.
Психологиялық және педагогикалық даярлық.
4.
Мамандық бойынша даярлық.
5.
Пән бойынша даярлық.
6.
Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан 
туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет