Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

2.
 
Педагогикалық 
үдеріс
тің кезеңдері, қозғаушы күштері
 
Педагогтың мектепте мамандық дәрежесін кӛрсететін бір кӛрсеткіш 
алынатын ӛлшем (оның ӛзі басқарып сабақ беретін), ұжымды басқаруда дұрыс 
әдіс-тәсіл қолдана білуі. Ұжымның тұрақты, қалыпты ӛміршеңдігін кӛрсету-сол 
әдіс-тәсілге де байланысты. Дұрыс ұйымдастырылған балалар ұжымы олардың 
әржақты, толық қанды әрекетіне жол ашып, оқушылардың ынтымақтасуына 
мүмкіншілік туғыза отырып, оларға қанағаттанғандықтан сезім, қуаныш 
әкеледі. Мүндай ұжымда педагог пен тәрбиеленушілердің арасында түсіністік 
орнайды. Кӛрнекті педагог А.С. Макаренко былай деп жазған болатын: ―Жеке 
басы бақытты болу үшін тәрбиелемеу керек, жалпылық бақыт үшін жалпылық 
күрес үшін тәрбиелеу керек‖. 
Біртұтас тәрбие процесін адамдар арасындағы қайырымдылық, ӛзара 
түсіністіктен бӛле қарауға да болмайды. Сондықтан бүгінгі тәрбиенің де 
алдындағы мақсаты балаға білім бере отырып, сол білімді ӛзінің мақсатына сай 
пайдалана білу, басқалардан рақым күтіп отыру емес, ӛз басын әр түрлі 
жағдайлардан жол тауып шыға білетін, ӛзінің де ӛзгені де бақытты болу үшін 


күресе білетін адамдарды тәрбилеп шығару- бүгінгі біртұтас педагогикалық 
үдерістің алдына қойған негізгі принципі болуға тиіс.
Тәрбие ӛте күрделі үдеріс сондықтан педагог ӛте іскерлікпен алдын –ала 
ойласырған күрделі ғылыми жоспар арқылы ұзақ жұмыс істеуге тура келеді. 
Оқыту, білім беруден тәрбиенің ӛзіндік ерекшелігі оқытудың нәтижесі 
оқушының білімінде болса оны күнбе күнгі педагогикалық іс-әрекет арқылы 
тексеріп білуге болады. Ал тәрбиені алатын болсақ , ол – ӛте күрделі үдеріс. Ол 
бірден кӛзге кӛрініп ӛзін-ӛзі анық айқын кӛрсете бермейді. 
Оқыту мен тәрбие үдерісі туралы сӛз болғанда, оларды бір-бірімен 
ажыратуға болмайды десек те, бұлардың әрқайсының ӛзіне тән ерекшеліктері 
бар. Тәрбие үдерісі-бұл күрделі диалектикалық үдеріс. Оған қоршаған ортаның, 
әлеуметтік жағдайдың ықпалы жоғары, атап айтқанда: отбасының, түрлі 
адамдардың ерекше әсері бар. Сондықтан жоғарыда айтқанымыздай тәрбие 
үдерісін, оқыту үдерісі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижелерін 
анықтау ӛте қиын. Мысалы, мінез-құлықты адамгершілік сезім мен сенімнің 
және дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Ӛйткені мұндай қасиеттер балада 
жастайынан бастап, бүкіл ӛмір бойы қалыптасады. Тәрбие үдерісі әр уақытта 
динамикалық қозғалмалы жылжымалы болады. Сондықтан педагогикалық 
ықпал әр балаға әр түрлі әсер етеді, біріне әсер етсе, екіншісіне әсер етпейді. 
Педагогикалық ықпал ету үшін баланың қӛңіл-күйін, психикалық жағдайын, 
орнын еске алған жӛн. Сондықтан ертеде қазақ халкы ―Ақпа құлаққа айтсаң 
ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң құйып алады‖ деген. ―Біреу тыңдар сӛзді 
ұққанынша, біреу тыңдар үйден шыққанша‖-деп Абай тегін айтпаған. Әрине 
баланың тәрбиені қабылдауына әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар ӛте күшті 
немесе ӛте әлсіз әсер етуі мүмкін-мұғалім оқу-тәрбие процесінде бұл 
факторларды есінен шығаруға болмайды. Оқыту үдерісі-тәрбиеге қарағанда 
анағұрлым жеңіл басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін 
процесс. Мысалы, бір сабақтың үстіне бақылау, жаттығу, сұрақ, жауап секілді 
оқушылардың білімін тексеру әрекетін іске асырып, олардың білімін, іскерлігін, 
дағдысын тексеріп, қортынды шығаруға болады. Оқыту мен тәрбие процестері 
негізгі үш функция бірлігі бойынша іске асырылады. Олар: білім беру, 
тәрбиелеу және дамыту функциялары. Оқыту мен тәрбие үдерісі-балаға білім 
берудің даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Осы екі үдеріс -баланы жан-
жақты дамытып, қалыптастырудың негізі болып табылады. 
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін ХХ ғасырдың 
барлық кезеңдерінде ашып кӛрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-
қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А.Данилов, М.Н.Алексеев, 
М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, В.И.Загвязинский). Кейбір жұмыстарда 
ұжымның 
қарама-қайшылығы 
(Л.И.Новикова) 
тәрбие 
процесінің 
(И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев) білім берудің 
мазмұнындағы қарама-қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді. М.А.Данилов 
алғашқылардың бірі болып оқыту үдерісінің қозғаушы күштерін зерттеуге 
кӛңіл бӛлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып 
кететін біртұтас педагогикалық үдерістің диалектикасын зерттеу керектігіне тек 
қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің 


күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын 
және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны 
қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен үдерістерді басқаруға күш 
беретінін кӛре білді. Ю.К.Бабанский қарама-қайшылық кӛп жағдайда (нередко) 
кездейсоқ бірізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау 
процедурасына сәйкес келмейді, оқыту үдерісін ұйымдастыру мен реттеуде 
мұғалімдер мен әдіскерлік нақтылы жағдайда үдерісті жасау ескерілмейді. 
Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады: -қарама-қайшылықтарды қалай 
болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық үдерістің жүйе 
ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін ашуы тиіс: 
-қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс-әрекетін педагогикалық 
үдерісті басты құрамын кӛрсеткіш ретінде сипаттау керек; 
-қарама-қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу 
әдістемесін негіздеу керек. Педагогикалық 
үдеріс
тің мақсаты оқушылар 
тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізі қарама-
қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл 
педагогикалық 
үдеріс
тің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті 
дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К.Костюк келесі қарама-
қайшылықтарды жатқызады: 
-жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің 
жеткен даму деңгейі арасындағы; 
-жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен 
іс-әрекет тәсілдері арасындағы; 
-тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның ӛмір сүру қалпы, қоғамдық 
қатынастар жүйесінде алатын, оның орны, атқаратын қызметі арасындағы; 
-жақсы 
жетістіктерге 
ұмтылушылық 
пен 
қиыншылықты 
жеңе 
алмайтындық қорқынышы арасындағы; 
-дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі 
арасындағы; 
-мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, 
ӛзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы
-тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс-әрекет арасындағы: 
М.Ю.Красовицкийдің зерттеулерінде кӛрсетілгендей оқушы ұжымының 
тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың 
жүйесі белгіленеді. Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық ұстаздардың 
аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді. Оны қалыптастыру барысында 
мұғалім балалар ұжымын қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қандай 
қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды. Олардың қатарына 
келесі қайшылықтарды жатқызуға болады: 
-ұжым мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында; 
-индивидтердің 
бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның ӛзінің 
тәуелсіздігіне ӛз еркімен безбеу арасындағы; 
-тұтас еріктілігі мен ұжымның тәртібіне бағыну қажеттілігі арасындағы; 
-ұжымның талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы; 


-ұжымдағы пайдалы әдеттерінің қажетілігі мен формализм қауіптілігі 
арасындағы; 
Бастапқы ұжым ұйымының қажетілігімен топтық бӛлініп шығуы 
қауіптілігі арасындағы. Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті 
дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекетін жұмыс жемісін жасауға 
мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, ӛз орнын табуға 
ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға кӛмектеседі. 
(Г.К.Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық 
шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау жанжалға 
әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Ұстаз 
кӛрсетілген жүйенің бір бӛлігі ретінде ӛзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған 
танымдық міндеттер мен оның ӛзінің ойлау тәсілдерінің және іс-әрекеттері 
арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде 
субъективті қабылдайды және жеңуге кӛмектеседі. Қайшылық оқушылар 
ұжымы жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі 
―сынып ұстаздары – сол сыныптың оқушылар ұжымы‖ жүйеде шешулуі 
мүмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бӛлігі пән мұғалімдерінің 
оқушылардың 
коллективтік 
танымдық 
іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру 
барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. (М.С.Виноградова, Н. 
С. Дежникова, В. В. Котов, И. Б. Лиймете, В. Б. Первин, Н. Хан және т.б.). 
3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет