Сабақ ӛткізу алдымен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру болып
табылады. Мұның құрылымдық түрі - сыныптағы оқушылардың барлық
құрамын және жеке тұлғаны жұпқа, топқа бӛлу арқылы әрекетке келтіру
негізінде жүргізіледі. Сараптай айтқанда сыныптағы барлық оқушының іс-
әрекетін мұғалім басқарып бағдарлайтын бірлескен әрекет болып табылады.
Сондай-ақ жеке тұлғаның әрқайсысы ӛз алдына дара да дербес түрде
әрекеттенеді. Сабақ барысында оқушыларды топқа бӛлгенде 4-5 шәкірт бір топ
немесе екі-екіден бірлескен топ болып, берілген тапсырманы мұндай жағдайда
орындаудын натижелік кӛрсеткіші жоғарырақ болады. Ӛйткені топтастыруда
үлгерімі бірыңғай немесе әр түрлі үлгерімдегі оқушылар болса олар бір-бірінен
жәрдем алады. Ӛзара пікірлесіп еңбек ету барысында нашар оқитын шәкірт
білімді тиісті деңгейде меңгерудің жол-жосығын құрбыларынан үйреніп, іс-
әрекетке ықыластана кіріседі. Топтағы оқушылар бір-бірінен тәлім алып,
белсенділігінің артуына ықпал етеді.
Сабақтың теориясы мен тәжірибесінің жүзеге асып, табысқа жетіп
нәтижелі болуы мұғалімнің сабақка дайындала білуіне тәуелді. Ӛйткені ӛтілетін
сабақтың жүйесін айқындап, жоспарлау барысындағы үрдіс негізінде
оқушының білім, білік, дағды меңгеруі психологиялық, жағынан шешуші
сипатқа ие болатындығы ақиқат шындық.
Саяхат сабағының мақсаты – ғылым саласындағы пәннен теориялық
білімді нақты тәжірибеге жалғастырып кӛрсету. Бұл оқушының түрлі деректер
мен құбылыстар жӛніндегі таным түсінік арнасын кеңейтуге мүмкіндік туғызу.
Факультативтік
сабақтар
–
оқушылардың
сұранысы
бойынша
ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрінің негізгі мақсаты – оқушылардың
талап-тілегін ескере отырып, олардың ғылыми-теориялық білімін, таным
түсінігін дамытып шығармашылық жолдағы бағдарын ашуға жәрдемдеседі.
Сонымен қатар оқушының бейімділігіне қарай кәсіби мамандыққа деген
қызығушылығын тұрақтандыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: