алынады. Эмпирикалық зерттеу әдістемелерін құрастыру кезінде субъектінің ӛз
іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде
қабылдайтынына сүйену керек.
Сұрақ-жауап әдісінің мынадай түрлері бар:
а)
Әңгіме
. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, онда
әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме
алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, ӛзіне қажет
мәселелерді бӛліп алады, әңгімені тіркейтін құралдарды дайындайды (бейне
таспа, аудио таспа, стенография). Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен әдепті
сезімі болуы қажет, сол арқылы ғана ол әңгімелесушіні ашық сӛзге тарта алады.
Әңгіме әңгімелесушілердің әр түрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп
директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар, білім берудің әр түрлі
деңгейіндегі басшылары). Білім беру саласының жағдайы мен ондағы
ӛзгерістерге олардың кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған
ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған
әңгімелерден басқа экспромт әңгіме-сұқбаттарды жүргізуге болады.
ә)
Сұқбат
- әңгіменің бір түрі. Әңгіменің бұл түрі зерттеушінің объектісінің
ӛзінің іс-әрекеті туралы түсінігін баяндау динамикасын белгілеуге кӛмектеседі.
Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде
белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер
етеді. Зерттеушінің міндеті зерттеушінің әңгімесін қолдауда. Сұқбат
зерттеушінің жоғары кәсібилігін және жеткілікті тәжірибесін қажет етеді.
Сұқбаттың мақсаты- зерттеушінің педагогикалық жағдаяттарға деген
кӛзқарасын қайта құруда, сұхбаттасушылардың міндеттері мен мәселелері
арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеушінің
түсінуінде. Зерттеуші күрделі кәсіби- педагогикалық іс-әрекеттің жалпы
заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап субъектісінің терең қарым-қатынас жасай
отырып,
оның
жекелік-мотивтік,
когнитивтік
және
операционалды
компоненттерін түсіну жағдайында ғана мүмкін екенін ескеру қажет. Кӛптеген
мамандарға сұрақ-жауап жүргізу барысында тенденциялар мен құбылыстар
дамуының заңдылықтарын қорытындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі
туындайды.
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан
талдау жасау қажет. Сұқбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі
зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
б)
Достарыңызбен бөлісу: