талаптардың ала-құлалығынан бетер зиянды нәрсе жоқ. Мәселен, мектеп пен
үйелменнің, сынып ұжымы мен жұмыс істейтін мұғалімдердің оқушыларға
қоятын талаптарының үйлеспей ала-құла болуы. Тәрбие кӛп адамдар
қатынасатын ұзақ іс-әрекеті. Сондықтан да олардың жұмыстарында тізбектестік
пен ұласымдылықтың сақталуы, оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің дер
кезінде анықталып отыруы аса маңызды мәселе. Тәрбие жұмысының барлығы
білім мен сенімнің, сӛз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылуы қажет.
6. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
Жеке тұлғаның ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңестік
дәуірде коммунистік тәрбие беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып
келеді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда ӛмір сүріп
отырған «барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлығы үшін» деген ұранмен
еңбек етуге тиіс болды.
Бүгінгі таңда, қоғамды қайта құру кезеңінде, яғни нарық заманында бұл
қағиданың маңызы онша әсерлі болмай тұр. Ӛйткені, нарық заңы ұжым болып
еңбек етіп, ӛмір сүру қағидасын қуаттамайды. Оның негізгі талабы әртүрлі
формадағы еңбек процесі, соған орай еңбек бӛлінісі де әртүрлі болып келеді.
Сондықтан да ұжым және адам мәселесі қазіргі заманның ең ӛзекті әлеуметтік
мәселелердің біріне айналып отыр.
Кеңес педагогикасы болса оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және
тәрбиелеуді тұлғаны жан-жақты дамыту теориясы мен практикасының негізі
жетекші мәселелері ретінде қарастырады.
Дегенмен де мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке
негізделген. Ол ортақ мақсатқа бағытталған. Сондықтан мектеп жағдайында
бала тәрбиесіне қатысты ұйымдастыру жұмыстары әрқашанда ұжымдық
әрекетке негізделе бермек.
Сол себептен де оқушының жеке басын ұжымды және ұжым арқылы
тәрбиелеудің мәнісі-оқушылардың оқу, тәрбие және пайдалы еңбектегі
бірлескен іс-әрекетінде олардың жауапкершілігі, белсенділігі артып, тұлғаның
жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер пайда болады, достығы жарасып, ізгілік
қарым-қатынас орнайды, ӛзімшілдік жойылып, ӛз мүддесін ұжым мүддесімен
ұштастыру, моральдық нормаға айнала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: