Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет22/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

өзіндік ерекшеліктері
бар. 
Тәрбие 
қоғамдық құбылыс. 
Себебі қоғамның материалдық жағдайының 
ӛсуі, идеологиясының ӛзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, 
мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес 
жақсарып отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс ӛмір 
сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз- адамдардың тіршілік ету, ӛмір сүру үшін 
топтасқан ортасы. 
Тәрбие 
мақсатты процесс. 
Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты ӛмір 
жағдайына сай белгіленсе ғана ӛз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің 
ӛз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі, тәрбие мақсаты қоғамның, 
мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты 
болады. 
Тәрбие- 
біртұтас процесс
. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. 
Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара 
атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. 
Ӛйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс. 
Тәрбие 
ұзақ әрі күрделі процесс
. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір 
ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін 
тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол ӛзін-ӛзі тәрбиелеу процесімен 
жалғасып отырады. 
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін кӛбінесе 
жуық арада байқауға болады. Ӛйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында 
дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып 
дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол. 
Тәрбие- 
көпжақты процесс.
Жасӛспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, 
қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының 


міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. 
Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар 
беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта 
ұйымдастырып отыратын ол- ұстаздар тобы. Оның орталығы-мектеп. 
3. 
Тәрбиенің түрлерін анықтау оның басым кӛрінетін негізіне сүйенеді: 
1. Мақсатына қарай - адамгершілік, азаматтық, экологиялық, 
экономикалық, құқықтық, дене, ақыл-ой т.б. тәрбие түрлері анықталады. 
2. Тәрбиеленушілер санына қарай – жеке, ұжымдық тәрбие түрлері 
бӛлінеді.
3. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынас ерекшелігіне орай – 
авторитарлық, демократиялық, либералды тәрбие түрлерін атауға болады.
І. Авторитарлық (императивтік) стиль мұғалімнің оқушыларға ӛз еркін 
зорлап міндеттеп және оған ӛздерінің инициативаларын кӛрсетуге мүмкіндік 
бермеуімен сипатталады. Оқушылар үшін мұғалім беделді адам екенін 
пайдаланып, ол олармен қарым-қатынасында тәрбие ықпалының тәсілі ретінде 
бұйрық, сӛгіс беру, қорқыту және жазалау, жиі дауыс кӛтеруді қолданады. 
ІІ. Демократиялық стиль мұғалімнің оқушымен ӛзара қарым-
қатынасындағы талап қоюшылық пен тілектестік қатынасын сипаттайды, 
сонымен қатар оқу және оқудан тыс әртүрлі іс-әрекетке белсенділігін 
ынталандыру мен ықпал ету әдісі ретінде сендіруді қолданады. Мұндай қарым-
қатынас стилі бар сынып мұғалімі тӛзімділігімен, педагогикалық тактісімен, 
жоғары эмоционалды тұрақтылығымен, оқушыларды фамилиясымен сирек 
атауымен және сирек дауыс кӛтеруімен ерекшеленеді. 
ІІІ. Либералды стильдің басқалардан айырмашылығы: мұғалім кӛбінесе 
ӛзінің міндеттерін орындауға формалды түрде қарайды, оқушыларға толық 
еркіндік береді, олардың тәртіпті бұзушылығына еш мән бермейді және 
осылайша сынып ұжымында жағымды қарым-қатынас орнатуға тырысады. 
4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет