4
. Жасӛспірім шақтың біраз бӛлігі орта мектептің жоғары сыныбына
сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай
маңызды рӛл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан
пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның ӛмірге кӛзқарасының негізгі сипаттары
қалыптасады, үлкен ӛмір алдындағы ең алғашқы рет ӛз бетімен шешім
қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық
шақтан жастық шаққа ӛту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-
жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір
деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға
еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті
сезінеді.
Жасӛспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын кӛрініп тұрған
аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті кӛп жағдайда бірімен -
бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда
ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасӛспірімдік
шақтың соңы деп аталады. Жас шамасы бойынша кезеңге бӛлу схемасында
жасӛспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14
жас, ал
жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып
анықталған.
Балалықтан есейген шаққа ӛту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын
нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына
байланысты. Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның ӛмірлік жолының
тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге
кӛзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
10 жастағы бала салмақты, әрі ӛмірдің ӛзі үшін жаңа тұстарын жеңіл
қабылдайды, сенгіш, ата-ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына
да кӛп мән бере қоймайды. Ал 15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып
айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың ӛзіндік ерекшеліктері тез
айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа ӛзгерістер, яғни, отбасындағы
да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншылық туғызатын тәуелсіз
болуға ұмтылу рухының айқындалуы, ӛзін сырттай бақылап отырғандардан
бостандыққа шығуға деген құштарлығы ӛзін-ӛзі алып жүре алатындай ӛзін-ӛзі
тәрбиелей алудың бастауы.
Осының барлығы жасӛспірімнің жан дүниесінің тез жараланып
қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына
себеп болады. Ал 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да
орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, ӛзіне- ӛзі
ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені,
кӛпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да ӛтпелі кезең, жыныстық
жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен
тығыз байланысты.
Жоғары сынып окушылары "Неге" деген сүраққа үнемі және табанды
түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне ӛз
күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және
еркін.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процес -ӛзіндік ақыл-ойдың
және ӛзіндік "Меннің" бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың
психологиялық құндылығына ие болу деген сӛз - ӛзінің ішкі әлемін ашу деген
сӛз. Ӛзінің ішкі әлемін ашу - бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық
жағдай, бірақ ол сонымен қатар кӛңілді аландататын және қақгығысқа толы
шақтарды да бастан кешіру деген сӛз. Сананың толығуымен бірге ӛзінің
ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден ӛзгешелігімен
ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы "мен" әлі
толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол кӛп жағдайда ішкі дүниесі бос
қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді.
Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен
қарым-қатынаста болудың да таңдалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.
Үлкендермен қарым-қатынас жастық шақтың ең маңызды мәселесі
болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны
дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын,
бірақ әрқайсысы ӛмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен ӛз
арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді.
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау-бұл оқушыны басқалардан айырып
тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл, бәрінен де бұрын,
оқушыға әр уақытта және барлық қарым-қатынастарда жеке тұлға ретінде, іс-
әрекеттің жауапты да ӛзін-ӛзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ
- жеке түлғаның қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардың
бірдең кӛзге түсетін ерекше жеке түлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші
педагогикалық идея: жеке тұлғаның ӛзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның
негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, ӛз
болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін кӛмектесу.
Бұл кезенде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының ӛз мамандығын
тандауына кӛмектесу, ӛзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық
кӛзқарасы
тұрғысынан
әлеуметтік,
Отанға
деген
белсенділігін
қалыптастыру болмақ.
Оқушылардың ӛз ӛмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының
негізі қалыптасады, ӛмірге деген ӛзіндік кӛзқарасы, ӛмірдегі ӛзінің орны
айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бүл кезеңдегі мақсатты тәрбие
ӛзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке
тұлғаның ӛз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік
келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын кӛрініс береді, тіршілік талап
ететін жене ӛзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде
пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.
5.
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-
жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек ӛзіне ғана тән сапалық
ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның ӛз басындағы
қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан
ӛзгешелігі осы қасиеттері арқылы кӛрініс табады. Әркім ӛзінің жеке даму
жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және
тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардың
қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге
болады. Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:
- қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,
- дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.
Дарындьлық-адамның
интеллектуалдық
мүмкіндігімен
байланысты
болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен ӛзіндік
ерекшелігі. Қабілеттілік -бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір
адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары кӛрсеткіштерге ие болуын
қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Психологиялық жағынан қараусыз қалған деген сӛз ортаның келеңсіз
ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани
кӛзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық
мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын
айтады. Мұндай балаларды
девианттар
деп атайды.
Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз- оның жас мӛлшеріне,
жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке
түлғалық қалыптасуына органикалық жағынан байланысты ӛзіне тән
ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық
процестің маңызды бӛлігі болып табылады. Жеке жұмыс-бұл педагогикалық
жұмыстағы бос сӛзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу - бұл әрбір жеке тұлғаның
қызығушылығын,
бейімділігін,
сапасын,
қасиетін,
талабын
және
мүмкіншілігін ескере отырып, ӛскелең үрпақтың әлеуметтік қалыптасу
процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып
тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің
барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін
есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті кӛп жағдайда
ескеріле бермейді. Темперамент-бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-
қүұқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвиник-еті тірі;
флегматик-жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик-ойлы,
терең толғанысты./
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл
мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық
бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-
қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, ӛзіндік
қызығушылығының кӛрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын кӛрініс береді, ал
ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды.
Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла
түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу
бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор
рӛл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |