Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1.
Бастауыш мектеп мұғалімінде қандай кәсіби сапалар болуы керек деп 
ойлайсыз? 
2.
Сіз болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің бейнесін қалай сомдар едіңіз.
 
3.
«Заманауи педагог» моделін жасаңыз. 
Дәріс №5 
Тақырыбы: Қазіргі тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдары
Жоспары: 
1.Тәрбие - теорияның пәні. 
2. Тәрбие процесі, оның мәні мен ӛзіндік ерекшеліктері. 
3. Тәрбие түрлері. 
4.Тәрбиенің негізгі заңдылықтарына шолу.
5. Тәрбие принциптеріне сипаттама. 
1. 
Педагогика кӛп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған сай 
оның теориясы қалыптасқан. «Теория» ұғымы грек тілінде «зерттеймін» деген 
түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні, 
мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы кӛзқарастардың жүйесін білдіреді. 
Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім 
беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, 
әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге 
асыруға, оның нәтижесін бағалауға кӛмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру 
және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында
зертханаларында пайда болады.
2. 
Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не? 
«Жас бала- жаңа ӛркен жайған жасыл ағаш тәрізді»-дейді халқымыз. 
Жерге отырғызған жас кӛшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, 
саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет. 
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына 
әсер ететін құрал. 
Тәрбие- халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі 
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-
қатынасын, ӛмірге кӛзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру 
құралы. 
«Тәрбиелеу- халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен 
ӛнерлерді дарыту (Әл-Фараби). 
«Тәрбие- біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... 
Тәрбие- бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат кӛздеп, 
бір адамның екінші адамға ықпал етуі (Л.Н.Толстой). 
«Тәрбие-кең мағынасында- бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда 
кӛп салалы процесс (В.А.Сухомлинский). 
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті 
азық беріп, сол жан иесінің дұрыс ӛсуіне кӛмек кӛрсету деген сӛз. Ал енді, 


адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, ӛзіне-ӛзі 
қожа болғанша тиісті азық беріп, ӛсіру деген мағынада жүргізіледі 
(М.Жұмабаев). 
«Тәрбие- бұл адам жанын жетілдіру ӛнері. Тәрбиеде адам табиғатын 
жетілдірудің ең күшті сыры бар (Иммануил Кант). 
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына 
жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен 
моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді. 
Сонымен қатар тәрбие- адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы 
әрекеттерді орындауға, кӛптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың 
табиғи заңдылық процесі. 
Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж): «Тар мағынада алып 
қарағанда, «тәрбие» деген сӛз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-
құлқына, әдетте, ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі 
түрде жасайтын белгілі бір ықпалы, ал кең мағынасында ... «қоғамдық 
мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс 
тәрбиелейді»-деп түсіндіреді. 
Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский ... «мектеп, тәрбиеші және 
ұстаздар- адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал 
мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық 
... және оның тілі болады», -деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы 
тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді. 
Олай болса, тәрбие кӛптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар
мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі 
болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, 
бір жақты емес, кең кӛлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп 
пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде 
ықпалы, ӛзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жӛн. 
Сондықтан да тәрбиенің 
мәнісі,
біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, 
ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін-оны 
ӛмір сүре білуге, ӛзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. 
Олай болса, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет