Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім
.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының,
ғылыми
ұйымдардың
магистратурасында,
резидентурасында
және
докторантурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының
стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту
нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға жiберу арқылы жүзеге
асырылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік
білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.
Арнаулы білім мекемелері
.
Бұлардың бірнеше түрлері бар. Жетім балалар,
ата-аналарынан қорғансыз қалған балалар жалпы білім беретін мектеп-
интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбие мен білім алады.
Ақыл-ойында кемістігі бар және ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балалар
үшін арнаулы мекемелер ұйымдастырылады.
Қоғамға жат мінез-құлқымен байқалған оқушылар үшін ерекше күн
ырғағындағы жалпы білім беру мектептері мен кәсіптік-техникалық
колледждер құрылады.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау.
Жұмысшылар мен мамандардың, басты қызметкерлердің біліктілігін
арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде,
кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Кадрлардың біліктілігін арттыру мемлекет қаржысы есебінен және шарттық
негізде де жүзеге асырылады.
Қосымша білім
беру үшін дене шынықтыру – сауықтыру, техникалық,
мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды
Білім министрлігі және жергілікті ӛкімет басқару орындары бекітеді.
Сонымен, білім мен тәрбие беру – бұл Республика азаматтарының
құзыретін және адамгершілік, интеллектуалды, мәдени дамудың жоғарғы
деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз тұтас педагогикалық үдеріс.
Достарыңызбен бөлісу: