білімнің деңгейі мен мазмұндық бағдарын айқындайтын білімдік жүйе. Мұнда
ұстанатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімнің құрылымына
кіретін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, жалпы орта білім мен
кәсіби орта білім.
Бастауыш мектепте білімдендірудің міндеті - оқушыны кітап оқи білуге,
жаза білуге, есептей алуға және білім ала білу жолдарына үйрету, ал орталау
мектеп болса ғылымның негізгі салалары бойынша білімдік түсінік
қалыптастыру болып табылады. Ал толық орта дәрежелі мектепте болса, ғылым
жүйесінің базистік негіздерін меңгеруі мен олардың бойына жеке бастың және
этникалық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның
ӛзін-ӛзі айқындауы мен кәсіби бағдарға бейімдеу болып табылады. Бұл салада
әрбір пәннің мазмұндық жүйесі базалық негізгі білім беру деңгейімен қиысады
да тиісті ұғым-танымдық шеңберде аяқталып отырады. Оқу пәндерін таңдауы
бойынша зерделеу үшін оқу жоспарынын вариативтік бӛлігі кеңейтіледі.
Бейімдеу алдындағы даярлық жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының
2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы жаңа кӛзқарасқа
құрылған. Мұнда оқытудың мазмұнын саралау, ынталандыру, кәсібилендіру
және тұлғаның ӛз бетінше білімін кеңейтіп, тереңдету кӛзделген. Сондай-ақ
оқушының әлем, қоғам және адам туралы жүйелі түсінікті меңгеруіне зейін
қойылған.
Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламасы жеке тұлғаның және
жеке әлеуметтік топтардың ӛзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам мен
еңбек рыногы талабына қызмет ете алатындай жоғары білікті жұмысшы
кадрлары мен мамандыққа деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады.
Ал орта білімнен кейін, жоғары білім болып саналмайтын кәсіби білім
ЮНЕСКО-ның ұсынысына сәйкес білікті маман даярлау бағдарламасы
бойынша жүргізіледі.