Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Сауалнама жүргізу
. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен 
олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық 
құрылысы, сауалнама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше 
мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы 
сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық 
сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық ӛңдеу жасау қиынырақ. 
Сауалнама жүргізу әдісі кӛбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-
әрекет түрлеріне, пікірлерді зерттеген және т.б. қатынасын айқындау үшін 
қолданылады.


4. 
Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу
ӛсіп 
келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе 
дегеніміз педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық педагогикалық іс-
әрекет нәтижесінде меңгерген шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі. 
Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, 
кӛрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын 
зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, 
сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме және т.б. ізденушінің танып білуінің 
қайнар кӛзі бола алады.
5. Эмпирикалық әдіс ретіндегі 
дәрігерлік- педагогикалық тексеру
медикалық- педагогикалық кестені кешенді жаппай дайындаумен жиі 
байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, 
оқушылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен ӛтеді. Тексеру барысында 
оқушылардың ӛмірбаяны, психологиялық-педагогикалық мінездемелері, 
олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуының генезисі, ауырған ауруларының 
сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, балалардың, олардың ата-
аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліктері (ақыл-есі, 
ойлауы, қиялы) зерттеледі.
6. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет