Сүйектің химиялық құрамы. Адам өмірінің әр кезеңінде сүйектің химиялық құрамы бірдей емес. Ол жасына, қоректену сипатына, организмдегі зат алмасуға, ішкі секреция бездері мен бұлшық ет жұмысының функциональдық күйіне байланысты.
Сүйектің негізгі физиологиялық қасиеті – қаттылық пен серпінділік. Сүйектерге органикалық емес заттар – кальций, фосфор, магнийдің тұздары қаттылық қасиет береді. Сүйекте өте аз мөлшерде тканнің қалыпты функциясы үшін қажетті 30-дан астам микроэлементтер болады. Сүйектің серпімділігі ондағы оссеин және осеомукоид сияқты органикалық заттардың болуына байланысты.
Анорганикалық заттар қышқылдарда ериді, ал органикалық заттар – жанады. Мысалы, егер сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, сүйектің анограникалық қосылыстары еріп (сүйектің декальцинациясы жүреді), органикалықтары қалады. Сүйек формасын сақтайды, бірақ қаттылығынан айырылады, оңай иіледі. Сүйекті қыздырғанда органикалық заттары жанады (минералды заттары қалады) сүйек формасын сақтайды, бірақ морт сыңғыш келеді. Ересектерге қарағанда, балалардың сүйектерінде органикалық заттар көп, ол скелеттің иілігіштігін қамтамасыз етеді, бірақ дұрыс отырмағанда сүйектің қисық болып дамуына (деформация) әсерін тигізеді. Басталған қисаюлар өз кезегшінде ішкі мүшелер жұмысына теріс әсер етеді.
Сондықтан тірек-қимыл аппаратының қисаюын болдырмау үшін мектепте де, үйде де баланың дұрыс отыруын қадағалау өте қажет, сүйектерін қалаған қалпында ұстай алу үшін оның ет системасын нығайту керек. Өкінішке орай, басталған қисаюларды болдырмауға және тоқтатуға әр уақытта мүмкін бола бермейді, өйткені кейбір адамдарда бүкіреюге тұқым қуалайтын бейімділік болады, қаншама гимнастикалық жаттығулар жасағанымен оны түзеуге көнбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |