Байланысты: Дәрістер Жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясы
Кеуде клеткасының жетілуі. Кеуде клеткасы скелетінің өсіп жетілуі өкпе, жүрек, бауыр функцияларының қалыптасуымен, сол сияқты тұру және отыру актілері мен тығыз байланысты. Қабырғалардың сүйектенуі баланың екі айлық кезінен басталып, 20 жасына дейін созылады, 25 жасында аяқталады.
Көкірек клеткасы өскен сайын оның формасы елеулі өзгеріске ұшырайды. Алғашқы жылдары ол негізінен табаны төмен қараған конус формалы болады. Бірақ бірінші жылдың өзінде ақ баланың өкпесінің көлемі 4-6 есе ұлғаяады. Көкірек клеткасының жоғары бөлігі балаларда 7-8 жаста , ал қыздарда одан да ерте кеңейеді. Осының бәрі қысқарады да, ересек адамның көкірек клеткасының формасына келеді. 12-13 жастағы баланың көкірек клеткасы ересектерден тек мөлшерімен ғана ажыратылады.
Көкірек клеткасы әсіресе жыныстық жетілу кезеңінде тез өседі. Оның жетілуінде мерзімділік байқалады: қысқа және көктемге қарағанда, жаз және күз кезінде ол тезірек өседі. Бұл, сірә, балалардың таза ауада ұзақ уақыт болуына, белсенді қимыл ойындар ойнауына байланысты болар. Онан басқа дене шынықтыру сабақтары, еңбек әрекеттері т.б. көкірек клеткасының жетілуіне елеулі әсер етеді.
Иық белдемесі мускулатурасының жетілуі мен тыныс алуы етті бұлшық ет жұмысының активтенуі балалардың көкірек клеткасы формасының өзгеруіне үлкен әсер етеді. Көкірек клеткасының қалыптасу процесіне, сыртқы (парта немесе столда отырған қалпы т.б.) сондай-ақ ішкі (омыртқа жотасындағы немесе бұлшық еттегі тұқым қуалайтын өзгерістер) факторларға тәуелді жеке өзгергіштіктің маңызы бар.