Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет13/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии
УМКД 5 курс ОМ 2015-2016., Альфия Кенжебаева справка
Диагностикасы. Жалпы қан анализі( жоғарлаған ЭТЖ , анемия), өкпе рентгенографиясы, қақырықты атипті клеткаға тексеру.
Емі. Кәзіргі кезде жалғыз эффективті емдеу әдіс – операция. Операцияны ісік өкпенің басқа бөліктеріне тарамағаныныда, аймақтық лимфа түйіндеріне метастаз бермегенде жасайды.
Консервативті ем: саулелі және химиотерапия.
Саулелі терапия –ісіктің өсуін уақытша тоқтатады.
Химиотерапияға цитостатиктер қолданады: циклофосфан, циклофосфамид, метатрексат, винкристин.
Қабыну белгілеріне антибиотиктер, ауырсынуға қарсы кетонал, кетонаф, соңғы кезеңдерінде – наркотикалық анальгетиктер: промедол, морфий, омнопон.
Симптоматикалық терапия: жүрек дәрмектері, өттегі.
Науқаспен психологиялық жұмыс жүргізу - барлық медицина қызметкерлері үшін өте маңызды міндет болып табылады - аурудың сипаты және емдеу тәсілдері жайында ең аз уақытта түсіндіріліу шарт.
Асқынулары. Өкпеден қан кету, асфиксия.
Алдын алу. Дәрігерлер мен денсаулық сақтаудың алғашқы тізбегіндегі медбикелер тиісті:

  • өкпе рагіның алғашқы белгілері мен симптомдарын білуі және осындай белгілері бар науқастарды клиникалық зерттелуге жіберуі

  • темекі шегуге қарсы бағытталған үгіт насихаты мұмкін болғанынша барлық күш жігерімен жүргізу.

  • егер науқаста жоғарыда айтылған симптомдар болса, онда шүғыл түрде пульмонолог, онколог кенесіне жіберілуі тиіс.



Өкпе обыры бар науқастардың күтімі



Пациенттің проблемалары

Пациентті күтуде мейірбикенің ісі

Әлсіздік.
Жөтел.
Ентікпе.
Қалтырау.
Кеуденің ауырсынуы.
Қақырық тастау.
Қан қақыру.
Жұтынудың қиындауы.
Тәбетінің төмендеуі
Салмақтың төмендеуі.
Ойылулар.
Өлім урейі.



1.Емдік –сақтану тәртіпті сақтау.
2.Қалтырау және темтература жоғарылаған кезіндегі күтім.
3.Іш киімін және төсек жаймасын уақытында ауыстырып тұру
4.Тыныс алу жиілігін, пульсін, қан қысымын өлшеп қадағалау.
5.Дәрігер тағайындауын дер кезінде және бұлжытпай орындау.
6. Науқасқа жеке түкіргіш беру.
7. Қан қақырғанда немесе өкпеден қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек корсету.
8.Науқастың физиологиялық бөліністерін қадағалау, жеке бас гигиена шараларын өткізу.
9. Онкологиялық науқаспен жұмыс жасағанда деонтологиялық ережелерін сақтау.
10. Науқастың жағдайының өзгеруін дәрігерге уақытымен баяндау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет