Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет106/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
лекции по терапии
УМКД 5 курс ОМ 2015-2016., Альфия Кенжебаева справка
Анафилаксиялық шок - ағзаға аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция, нәтижесінде өмірге қауіпті паталогиялық процесс пайда болатын және қан айналымы,тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.
Клиникасы. Ағзаға аллерген түсе салысымен немесе инъекция кезінде науқаста кенеттен әлсіздік пайда болып, үдейді, кеудесінде қысу сезімі, ауа жетпеуі, жөтел, экспираторлы ентікпе, бас айналу, бас ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, қорқыныш сезімі, құлағында шу, қозу, мазасыздану, денесінде күйдіргендей сезім немесе өте күшті қышыну пайда болады. Аяқ қолы суып, пульсі жиілеп, қан қысымы түсе бастайды.Үлкен, кіші дәретке отырғысы келеді, жүрегі айнып, құсып, ішінде ауырсыну пайда болады. Одан кейін есінен танып коматозды жағдайға ұшырайды. Анафилаксиялық шоктың найзағайдай түрінде алғашқы минуттарда немесе сағаттарда өмірлік маңызды мүшелердің зақымдануына байланысты өлімге әкеледі.
Объективті.Тері жабындары бозарған, цианозды, тыныс алуы қиындаған, суық тер басады. Артериалдық қысым үдемелі түрде төмендейді, тамыр соғысы жіп тәрізді, жүрек тондары тұйықталған.
Анафилактикалық шок өтуін 5 түрге бөледі: кәдімгі, гемодинамикалық, демікпелік, церебралды, абдоминалды.


Жедел жәрдем.
Науқасты жатқызу. Аяғын көтеру. Бетін бүйірге бұру.
Аллергеннің ағзаға одан әрі түсуін тоқтату: иньекция орнын немесе жәндік шаққан жерді 1 мл 0,1% , адреналин ертіндісін 5,0 мл натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде крест тәрізді енгізу және мұз басу. Аллергенді мұрынға немесе көзге тамызса сумен жуу. Аллергенді ішке қабылдаған жағдайда асқазанды жуу. Аллерген дәріні қолға немесе аяққа енгізсе, сол жерден, жоғары жгут байлау (3-4 минут сайын алып тұру).
Шоққа қарсы шаралар: 1 мл адреналин ертіндісін көк тамырға. Қайталап 5-10 минуттан кейін артериалдық қысымды бақылау. Антигистаминді препараттар: 1 мл супрастин немесе 1 мл димедрол ерітіндісі бұлшық етке. Көк тамырға инфузионды ем: натрий хлорид ерітіндісі 1 литр мөлшерінде. Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне.
Симтомды ем. Егер артериалдық гипотензия сақталса көк тамыр ішіне систолалық артериалдық қысым 90 мм-ге жеткенге дейін 5 мл допамин 400 мл натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде. Инфузия минутына 2-11 тамшы енгізіледі.
Бронхоспазмда көк тамырға: 10,0 мл эуфиллин ерітіндісі натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде енгізеді немесе сальбутамол 2,5- 5,0 мг небулайзер арқылы.
Қажет болса трахея интубациясын, жасанды өкпе вентиляциясын, трахеостомия жасайды.
Жүрек жетіспеушілігінде көк тамырға натрий хлорид ерітіндісімен жүрек гликозидтерін: 1 мл строфантин немесе 1 мл корглюкон ерітіндісін, зәр айдайтын: 2-4 мл лазикс ерітіндісін енгізу керек.
Барлық науқастар реанимация бөліміне жеткізіледі. Реанимациялық шаралар сол жерде, бара жатқанда және арнайы бөлімде жүргізіледі.


Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет