Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет70/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Созылмалы гломерулонефрит- шумақтардың, түтікшелердің, интерстицийлік ұлпаның иммундық қабынумен сипатталатын, біртіндеп нефросклероз бен бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы ауруы.
Этиологиясы. Созылмалы гломерулонефриттің 10-20 % жедел гломерулонефриттен кейін пайда болады, қалған жағдайларда байқаусыз басталып, біртіндеп өрістейді. Оның дамуына екі фактор әсер етеді: біріншіден – ағзада ұзақ сақталған гепатиттің, герпестің вирустары; екіншіден – дәрмектік, химиялық заттар, вакциналар, алкоголь, органикалық еріткіштер т.б
Клиникалық көрінісі. Созылмалы гломерулонефриттің латентті, нефротикалық, гипертониялық, аралас, гематуриялық түрлерін айырады.
Латентті гломерулонефрит. Нефриттің бұл тұрінің екі сатысын айырады. Жаңа басталған кезінде зәр анализінде протеинурия бірде болады, бірде болмайды. Жүре-бара протеинурия тұрақтыға айналып, ұлғаяды. Диагноз көбіне зәрді кездейсоқ тексергенде анықталады. Клиникалық белгілердің айқын көріну сатысында ісіну, гипертония синдромдары пайда болады.Гломерулонефриттің бұл тұрі орта шамамен 10-20 жылға созылады.
Гипертониялық гломерулонефрит. Науқастардың көбі артериялық гипертензиясын ұзақ уақыт сезбей жүре береді. Алғашқы кездерде артериялық гипертензия тұрақсыз, кейін тұрақтыға айналады. Артериялық қысым биіктеген кезде бас қатты ауырады, айналады, көздің көруі нашарлайды, көз алдын тұман басады, ентікпе мазалайды. Көз түбінен гипертонияға тән ретинопатияның белгілері табылады және сол қарыншаның гипертрофиясы. Зәрдегі өзгерістер минимальді, протеинурия 1 г/ тәул. аспайды, микрогематурия.
Нефриттің бұл түрі баяу меңдейді, кейде 30 жылға дейін созылады, бірақ бүйректің шамасыздығымен аяқталады.
Нефротикалық гломерулонефрит. Көрінісінде басты орын алатын - нефротикалық синдром: протеинурия, тұрақты ісіну, диурездің азаюы, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия. Нефротикалық синдром оншалықты тез өрістемейді, бірақ науқастар көпшілігі уремияға жетпестен, өкпенің ісінуінен өлімге ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет