Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Изониазид (изоникотин қышқылының гидразиді (ГИНҚ, тубазид)



бет106/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Изониазид (изоникотин қышқылының гидразиді (ГИНҚ, тубазид) - тек туберкулез микобактериясына әсер ететін синтетикалық препарат, туберкулезге қарсы дәрілердің ішінде әсері жоғары болып табылады. Әсер ету механизмі: ауыр металл иондарымен хелатты кешен тұзіп, микобактерияның тынысын тежейді. Жасуша жанында және жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсетеді. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпаларына өтеді, сонымен қатар гематоэнцефальды кедергіден өтіп, қандағы терапевті концентрациясы 6 сағаттан 24 сағатқа дейін сақталады. Изониазид туберкулездің барлық түрінде сонымен бірге алдын алу үшін қолданылады.
Жанама әсері: нейротоксикалық (шеткерлік невриттер - алдын алу үшін В6 тағайындайды), бас ауыру, бас айналу, жүрек тұсының ауыруы, лоқсу, құсу, терінің аллергиялық реакциялары, эйфория, ұйқысыздық, кейде психоз, дәрілік гепатит, ерлерде гинекомастия, ал әйелдерде меноррагия байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет