Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет102/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Әсер ету спектрі өте кең: аэробты грамм (-) микрооррганизмдерге белсенділік танытып, грамм (+) және жасуша ішілік қоздырғыштарға әсері әлсіз, анаэробты бактерияларға белсенділігі төмен. Спарфлоксацин туберкулез микобактериясы мен лепраға, грамм (+) кокктарға әсер етеді. Спарфлоксацин мен флероксациннің хламидий мен микоплазмаға әсері жоғары. Фторхинолондарға: сүр трепонема, саңырауқұлақтар, вирустар, қарапайымдылар, метициллин
резистентті стафилококктар тұрақты болып келеді. Фторхинолондарға екіншілік резистенттік баяу дамиды.
Қолданылуы: Фторхинолондар - резервті микробқа қарсы дәрілер, оларды белсенділігі жоғары кең спектрі антибиотиктердің парентеральды қолданылуында әсері болмаған жағдайда тағайындайды. Жеңіл инфекцияларда қолданылмайды. Фторхинолондарды тыныс алу жолдарының инфекцияларында; құлақ, тамақ, мүрын; өт пен несеп шығару жолдарының; іш қуысы мен кіші жамбас мүшелерінің; тері, жұмсақ ұлпалар мен сүйектің; гинекологиялық жұқпалы ауруларында; менингитте, гонореяда және простатитте; сепсис пен ауыр іріңді инфекцияларының асқынуында қолданылады. Барлық фторхинолондар АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағза ұлпаларына және сүйықтықтарға жақсы таралады. Қандағы терапевп. концентрациясы 12 сағат, ал әсері үзартылған препараттарында: спарфлоксацин, флероксацин және руфлоксацинде әсері 24 сағ.
Жанама әсері: улылығы төмен; диспепсия, аллергия, фотосенсибилизация,
кейде бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық немесе ұйқының келуі, кандидоз, қан құрамының өзгеруі, бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Жүктілікте, емізулі әйелдерге, 15 жасқа дейінгі балаларға, жоғары сезімталдықта және эпилепсияда (тырысу болуы мумкін) колдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет