Нитроксолин (5-НОК) - несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефрит, цистит, уретрит, простатитжәне т.б) қолданылады, АІЖ-да жақсы сіңіріліп, бүйректен өзгеріссіз шығарылады.
Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) бактерияларға, Саndida саңырауқұлақтарына басқа микробқа қарсы дәрілерге қоздырғышгардың тұрақтылығында әсері күшті.
Жанама әсері: диспепсия, аллергия, зәрдің қызыл-сары түске боялуы.
Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану керек.
Nitroxolinum -нитроксолин (Б): 0,05 таб, (драже) шығарылып, 2 таб. (драже) тәулігіне 4 рет тамақ үстінде.
Хинолондардың II буыны: Налидикс қышқылы (неграм, невиграмон), оксолиенді қышқыл (грамурин), пипемидин қышқылы (палин). Әсер ету механизмі: микроорганизмдердің металлға тәуелді ферментті жүйесін жояды. Препараттың мөлшеріне байланысты бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсетеді.
Әсер ету спектрі: грамм (-) энтеробактерияларға - эшерихия, шигелла, сальмонелла, протей, клебсиеллаларга қарсы әсер көрсетеді, ал пипемидин қышқылы көкіріңді таяқшаларға әсер етеді. Екіншілік резистентілік жылдам пайда болады. Қолданылуы: жіті және созылмалы несеп шығару жолдарының
инфекцияларында, ал налидикс қышқылы сондай-ақ энтероколитте, холециститте, отитте қолданылады.
Жанама әсері: диспепсия, аллергия, фотодерматоз, бас ауыру, бас айналу, оксолиен қышқылы тахикардия, ұйқысыздық шақыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |