Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет144/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
3. Диурездің күшеюі. Седативті (тыныштандыратын) әсер көрсетеді.
Осы себептерден жүрек гликозидтері систоланы күшейтіп қысқартады, соғуы мен минуттық көлемін арттырып жүрек қызметін күшейтеді, бірақ диастола үзарып жүрек көбірек дем алады, Жүрек гликозидтері миокардтың қозуы мен автоматизмін күшейтеді, ол экстрасистолаға алып келуі мүмкін. Жүрек гликозидтері өткізгіштікті нашарлатып, ал артық мөлшерінде жүрек- қарынша бөгетін тудыруы мүмкін. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен ауыратын науқастар жүрек гликозидтерін қолданғанда жүректің реттелуі нәтижесінде күре тамыр іркілісі төмендеп, ісінулер жойылады, веноздық қысым төмендеп, АҚ қалыпты жағдайға келеді, диурез жоғарылайды, АІЖ- ң қызметі мен мидың қанайнапымжүйесі ретгеледі және ұлпада гипоксия құбылысы төмендеп, ентігу жойылады.
Жүрек гликозидтерінің бір-бірінен айырмашылығы белсенділігіне, әсерінің пайда болу жылдамдылығына, әсерінің ұзақтығына және дәрілік заттың фармакокинетикасына байланысты. Мысалы, строфантин мен конвалятоксинді күре тамырға енгізгенде жүрекке әсері 5-10 мин., ал целанидте 5-30 мин. соң басталады. Дигоксин ішке енгізгенде 30 мин. соң, ал дигитоксин 2 сағ. соң әсер етеді. Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсерінің ұақтығы ағзадағы инактивация жылдамдығына, олардың плазма ақуызымен байланысуына және ағзадан шығу жылдамдығына байланысты. Строфантин, жалынгүл және меруертгүл препараттары ағзадан тәулік бойында шығарылады. Әсері ұзақ, әсіресе дигитоксинде 2-3 апта, ал дигоксин мен целанидте 3-6 күнде ағзадан шығарылады. Жүрек гликозидтерінің әсері үзарған сайын көп кумуляцияланады, яғни материальды кумуляцияға (дәрілік заттың ағзада жиналуы) ұшырайды. Өте жоғары кумуляцияланатын препарат дигитоксин (160 сағ.), одан аздау дигоксин және целанид (34-36 сағ.), ал строфантин аз кумуляцияланады. Жүрек гликозидтерінің препараттары АІЖ-да бірдей сіңірілмейді, өте жақсы дигитоксин (90-95%), дигоксин мен целанид (20-40%) сіңіріледі, өте нашар сіңірілетін строфантин К (5%) препараты. Жүрек гликозидтері жіті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, сонымен қатар жүрек қызметінің жеткіліксіздігін алдын алу үшін, суправентрикулярлы тахикардияда, жыпылықтағыш және ұстамалы тахикардияда, жүрекше дірілінде қолданылады. Жүрек гликозидтерін жүрекше-қарынша бөгетінде, айқын брадикардияда және жүқпалы миокардитте қолдануға болмайды. Жүрек гликозидтерін гипокалиемияда және кальций препараттарымен бірге қолданғанда аса сақтық қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет