Ajmalinum - аймалин (Б): 0,05 таб.; 2,5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі. Аймалин рауволфия алкалоиды болып табылады. АҚ төмендетіп, коронарлы қан айнапымды жақсартады.
Aethacisinum - этацизин (Б): 0,05 таб.; 2,5% 2 мл ерітінді ампулада шығарылып, б/е енгізіледі.
ІІ тобы. В- адреноблокаторлар: анаприлин, метопролол және т.б. - ырғақтың синустық бөлігінде деполяризациялану кезеңінде жасушаға Са2+ мен Na+ иондарының енуін және жасушадан К+ иондарының шығуын бұзып, қозғыштықты, жиырылғыштықты және өткізгіштікті төмендете отырып, адренобөгегіш және тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Қарынша үсті және қарынша аритмиясында қолданылады. Жанама әсері: миокард жиырылғыштығының төмендеуінен жедел жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, өткізгіштіктің баяулауынан атриовентрикулярлы бөгетке алып келуі мүмкін. («Адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |