Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Әринит (пентаэритрил тетранитраты)-0,001 таб. ішке белгіленеді, белсенділігі темен.
б) β1–адреноблокаторлар - жүректің β1-адренорецепторын тежеп, адренергиялық әсерін төмендетеді. Ол жүрек жиырылу жиілігі мен күшінің төмендеуіне, жүрек жұмысын жеңілдете отырып, миокардтың оттегіге қажетгілігін төмендеуіне алып келеді. Демек, қамтамасыз ету мен қажеттіліктің сәйкессіздігін басады. ЖИА-ң біріктірілген емдеуінде тағайындалады.
в) Кальций арналарының блокаторлары (кальций антагонистері): фенигидин (нифедипин, коринфар) - дигидропиридин туындылары; верапамил (изоптин)- фенилалкиламиннің туындылары; дилтиазем (дильрен) - бензотиазепин туындылары. Бұл препараттар кальций арналары (L-түтігі) арқылы миокард жасушасына Са2+иондары енуін бұзып, жүрек жұмысын жеңілдетіп, оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Коронарлы қан тамырларды кеңейтіп, қан ағысын күшейтіп, миокардқа оттегінің жеткізілуін жеңілдетеді. Бұл топ препараттарын нитрат препараттары әсер етпеген жағдайда белгілейді. Верапамил мен дилтиазем жүректің өткізгіштік жүйесіне көбірек әсер етіп, тахиаритмияда қолданылады. Фенигидин жүректің өткізгіштік жүйесіне аз әсер етіп, айқын антиангинальды белсенділік пен гипотензивті әсер көрсетеді, сондықтан стенокардия мен гипертонияны емдеу үшін қолданылады. Гипертониялық кризде сублингвальды (таблетканы шайнап тіл астында ұстау қажет) белгілейді. Жанама әсері: бас ауыру, рефлекторлы тахикардия, беттің қызаруы және ыстықты сезіну, аяқ қолдың ісінуі және кей жағдайда терінің аллергиялық реакциялары байқалуы мүмкін. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің ауыр түрінде, синусты түйінінің әлсіз белгісінде (В-адреноблокаторлармен бірге қабылдауға болмайды), айқын гипотензияда, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.