Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Асқазанның секреторлы қызметі бұзылуында колданылатын дөрілер



бет203/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Асқазанның секреторлы қызметі бұзылуында колданылатын дөрілер
а) Асқазан безі секрециясының төмендеуінде қолданылатын дәрілер.
Диагностикалық мақсатта гастрин, гистамин, экстрактты заттар тағайындалады. Егер асқазанның секрециясының төмендеуінің себебі асказан қызметінің бұзылыстарынан пайда болса, онда аталған заттар асқазан сөлінің бөлінуін жоғарылатады. Асқазанның шырышты қабығы органикалық зақымдалса онда өзгерістер болмайды. Аталған жағдайда ұтымды диагностикалық дәрі - гастрин болып табылады. Ол асқазанның антральды бөлігінде құралады. Содан соң қанға сіңеді де, асқазанның фундальды бөлігінің бездеріне эсер етіп, олардың секрециясын күшейтеді. Ол тұз қышқылы мен пепсиногеннің бөлініп шығуын ұлғайтады. Медициналық тәжірибеде 5 аминқышқылдардың қалдығынан тұратын гастриннің синтетикалық препараты пентагастрин қолданылады. Гистамин асқазан бездерінің гистаминдік Н2-рецепторларын қуаттандыра отырып, асқазан сөлінің мөлшері мен оның қышқылдығын жоғарылатады. Әсер ету спектрі кең.
Жанама әсері: жағынан АҚ төмендетіп, капилярлардың өткізгіштігін, бронхтардың, ішектің бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады. Ол Н1 рецепторларын қоздыруымен байланысты, сондықтан осы аталған әсерлерді басу үшін гистаминдік Н1 рецепторлардың блокаторлары (димедрол, дипразин және т.б.) тағайындалады,
Асқазан сөлінің секрециясын жоғарылататын емдік дәрілерге көмір кышқылды сулар жатады. Асқазан бездерінің жеткіліксіздік жағдайларында орынбасу терапиясының дәрілері қолданылады. Бұл мақсатпен табиғи немесе жасанды асқазан сөлі, пепсин жөне сұйылтылған тұз қышқылы тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет