Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Таңдамалы: пирензепин (гастроцепин)



бет211/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Таңдамалы: пирензепин (гастроцепин) - тек асқазанның парасимпатикалық ганглийлерінің М -холинорецепторларын таңдамалы тежеп, тұз қышқылынын және пепсиногеннің секрециясын төмендетеді.
Қолдануы: жіті және созылмалы асқазан мен ұлтабардың ойық жараларында, гиперацидті гастритте және т.б. қолданылады.
Жанама әсері: таңдамалы емес М-холиноблокаторларға қарағанда жанама әсері аз байқалып, гематоэнцефальды кедергіден өтпейді. Глаукомада, қуық асты безінің гипертрофиясында, жүктілікте және лактацияда колдануға болмайды.
Pirenzepinum - пирензепин: 0,025 және 0,05 таб. шығарылып, 2 таб. таңертең және кешке тамақтан 30 мин. бұрын; 0,5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, тәулігіне 2 рет тамшылатып, б/е, к/т еңгізіледі.
в) Протонды помпа Н+, К+ -АТФ-аза ингибиторлары: омепразол (лосек, омез, омизак, омепрол, осид, гастрозол), пантопразол (контролок), ланзопразол (ланзап, лансобел, ланзоптол), рабепразол (париет).
Әсер ету механизмі: асқазанның іргелі жасушаларының протонды сорғыш қызметін басып, ион алмасуларын (Н+ К+) бұзады. Сонымен тұз қышқылы секрецияның соңғы кезеңін тоқтатады. Негізгі, түнгі және күшейткіш секрецияларын тиімді төмендетеді. Тез сіңіп, париетальды жасушаларының қышқылды ортасында қанығады. Цитопротекторлық әсері бар. Сонымен қатар Helicobacter pylori-ға бастериостатикалық әсер көрсетеді. Жараларға қарсы басқа дәрілер әсер етпей жатқанда ойык жараларда қолданылады.
Жанама әсері: диспепсия, бас ауыру, бас айналу, ұйқы келуі, кей жағдайларда аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Жүктілікте және лактацияда колдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет