Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Асказандағы НСІ-секрециясын төмендететін дәрілер



бет209/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Асказандағы НСІ-секрециясын төмендететін дәрілер
а) Н2-гистаминоблокаторлар (Н2-гистаминді рецепторлардың блокаторлары): циметидин (гистодил, нейтронорм, примамет, тагамет), ранитидин (зантак, зоран, ранисан), фамотидин (гастросидин, ульфамид, фамосан, квамател), низатидин (аксид, низакс), роксатидин (алтат).
Әсер ету механизмі: асқазанның шырышты қабатының Н2-гистаминді рецепторларын тежеп, негізгі (базальды) түнгі секрецияларды басып, асқазан сөлінің бөлінуін төмендетеді. Күндізгі және түнгі ауырсынуларды баса отырып, антацидтерге қажеттілікті төмендетіп, гастропротекторлы әсер көрсетеді, асқазан мен ұлтабардың ойық жараларының жазылуын тездетеді.
Қолдануы: таблетка мен ерітінді түрінде асқазан мен ұлтабардың жараларында, гиперацидті гастритте, эзофагитте және дуоденитте .
Жанама әсері: диспепсия, тері бөртпелері, бас пен бұлшық ет аурулары, бас айналу, бауыр қызметінің бұзылуы, лейкопения, ал циметидинде - депрессиялық жағдайлар байқалуы мүмкін. Н2-гистаминоблокаторларды қабылдауды бірден доғарғанда „ауытқу белгісі” байқалады, ол кезде асқазан секрециясы бірден жоғарылап, ауру асқынуы мүмкін. Низатидин жөне роксатидинде бұл белгі байқалмайды, ал фамотидиннен әсері күштірек. Н2-гистаминоблокаторларды бауыр жөне бүйрек қызметінің бұзылуында, 14 жасқа дейінгі балаларға, жүктілік пен лактацияда қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет