«Allocholum» :- «Аллохол» 1 таб. тамақтан кейін тәулігіне 3 рет белгіленеді.
Oxaphenamidum - оксафенамид 0,25 таб. шығарылып, 1 таб. тамақ алдында тәулігіне 3 рет тағайындалады.
Nicodinum - никодин: 0,5 таб. шығарылып, 1 таб. тамақтан алдын тәулігіне 3 рет белгіленеді.
Cholosasum - холосас: 300 мл флаконда шай қасықтан 30 мин. тамақ алдында тәулігіне 2 - 3 рет белгіленеді.
«Cholagogum» - «Холагогум»: 1 - 2 капс. тамақпен бірге немесе тамақтан кейін белгіленеді.
б) Өт бөлінуін жеңілдететін дөрілер (холекинетиктер) - өттің тамуын жеңілдетеді:
- өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипотониялык түрінде өттің ұлтабарға өтуін жақсартатын, өт қабының тонусын жоғарылататын, Одди сфинктерін босаңсытатын препараттар: магний сульфаты, ксилит, сорбит, маннит, зәйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады.
Әсер ету механизмі: ұлтабардың рецепторларының тітіркенуімен байланысты. Магний сульфаты өт түтігіне спазмолитикалық әсер көрсетеді. Осы топ препараттары өт қалтасының атониясында, өттүтігінің дискинезияларында, созылмалы холециститте және созылмалы гепатитте қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазанның жедел қабыну ауруларында, өт-тас ауруларында қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |