Ұйқы безі қызметінің бұзылуында қолданылатын дәрілер
Созылмалы панкреатитте ұйқы безі секрециясының жеткіліксіздігі байқалады. Бұндай жағдайда құрамында кешенді ас қорыту жолының ферменттері бар: протеаза, амилаза, липаза және әртүрлі қоспалар: өт компоненттері, гемицеллюлоза, пепсин, аминқышқылы және т.б. орынбасушы терапиядағы дәрілер қолданылады,
Жоғары ферментті белсенділігі бар препараттар: панкреатин (трипсин + амилаза), солизим және нигедаза (құрамында тек липаза бар), Мезим-форте, Трифермент, Панзинорм-форте, Дигестал, Энзистал, Фестал (құрамында протеаза, липаза жэне амилаза бар), Креон, Ликреаза, Панцитрат.
Осы препараттар (ас қорыту ферменттері) ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың қорытылуын жеңілдетіп, аш ішекте неғүрлым толық сіңірілуін жақсартады. Сонымен бірге ұйқы безі, асқазан, аш ішектің өз ферменттерінің, сондай-ақ өттің бөлінуін күшейтеді. Өт сығындысы (холеретикалық әсер етіп, майлардың эмульгирленуіне жәрдемдеседі, липазаның белсенділігін күшейтеді, майлар мен май еріткіш витаминдердің сіңірілуін жақсартады. Гемицеллюлоза ферменті өсімдік жасушасының ыдырауына ықпал етеді.
Қолданылуы: ұйқы безінің, асқазанның, ішектің, бауырдың, өт қабының сыртқы секреторлық жеткіліксіздігінде орынбасу терапиясы үшін; метеоризмде; дұрыс тамақтанбауда (майлы тамақ жеу, тоя тамақ ішу, уақытылы тамақтанбау), аз қозғалыстық немесе қозғалыстың шектелуінде, жүктілікте; іш қуысы мүшелерін рентгендік және ультрадыбыстық зерттеулерге дайындауда. Дражелерді тамақпен бірге, тамақтан бұрын немесе кейін, шайнамай қабылдау қажет. Жіті панкреатитте қолдануға болмайды. Емдеу үзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға және жылға созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |