Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет216/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

Contrycal - контрикал: 10000; 30 000 және 50000 ӘБ құрғақ зат флаконда (амп.); берілген еріткіште ерітіп, 500 мл 0,9% NaCI еріт. бірге к/т тамшылатып еңгізіледі.
Өт айдайтын дәрілер
Өттің құрамында ішектегі майлардың, майда ерігіш дәрумендерді эмульгирлеп және сіңірілуін қамтамасыз ететін өт қышқылдары бар. Оның бауыр жасушаларының түзілуінің бүзылуымен немесе өт түтіктерінен үлтабарға шығуының қиындауымен байланысты. Осыған орай медициналық тәжірибеде өт айдаушы дәрілерді екі топқа жіктейміз.
а) өт түзілуін күшейтетін дәрілер (Холесекретиктер - холеретиктер);
- жануарлардан алынған: «Аллохол», «Холензим», «Лиобил» таб. -
құрамында жануарлардың қүрғақ өті бар.
- синтетикалық: оксафенамид, никодин, циквалон, гимекромон
(одестон):
- өсімдіктен алынған: құмдық салаубас гулі (қайнатпа, құрғақ сығындысы, фламин препараты), жүгері шашағы (қайнатпа, сұйық сығынды), танацехол (түймешетен гүлінің препараттары), холосас (раушан жемісінің шырыны), берберин биосульфаты (барбарис препараттары), холагол (құрамында куркума тамырының бояғыш заттары және т.б. бар), Холагогум капс. (құрамы: куркума сығындысы, бұрыш жалбыз майы, эссенциальды фосфолипидтер және т.б.).
Холесекретиктер өт секрециясын күшейтуден басқа, оларды сұйылтуына және айдауына алып келеді, нәтижесінде инфекцияның дамуын және тастардың түзілуін жойып, өттің айдалуын жақсартып, қабыну процесін төмендетеді. Олар созылмалы гепатитте, холециститте және холангитте қолданылады. Кейбір препараттар холеретикалық әсерінен басқа спазмолитикалық әсер: оксафенамид, көптеген өсімдік препараттары, циквалон - қабынуға қарсы; никодин - микробқа қарсы әсер көрсетеді. Холесекретиктерді жіті қабынуы мен бауырдың айқын дистрофиялық процестерінде және өт жолдарының тығындалуымен жүретін өт тас ауруларында қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет