Papaverini hydrochloridum - папаверин гидрохлориді (Б): 0,04 таб, 1-2 таб. тәулігіне 3-5 рет; 0,02 супп.; 2% 2 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, к/т еңгізіледі.
Nospanum - но-шпа (Б): 0,04 таб. -1-2 таб.тәулігіне 2-3 рет; 2% 2 мл еріт. амп. - т/а, б/е, к/т еңгізіледі.
Диареяға қарсы дәрілер (іш өтуге қарсы): лоперамид (имодиум) - ішектің апиынды рецепторларымен байланысып, ішектің толқи жиырылу қызметін тежеп, сфинктер тонусын жоғарылатады, сұйықтықтардың сіңірілуін күшейтеді. Жұқпалы диареяда міндетті түрде химиотерапиялық дәрілермен қиыстырылып белгіленеді. Ішектің қабыну ауруларында бырыстырғыш дөрілер (емен қабығының қайнатпасы (кора дуба), мойыл жемісі (черемуха) жөне т.б.) тағайындалады. Сіңіргіш дәрілерде (белсендірілген көмір, смекта, аттапульгит = реабан) диареяға қарсы әсер көрсетеді. Ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін (ішек қуысындағы ішек флорасын, pH-ты және су-электролитгік тепе-теңдігін қалпына келтіретін, сонымен бірге ішек қабығының эпителиалдық жасушалардың синтезін ширататын препараттар) микроб қоспалары (Бифидум бактерин, Колибактерин, Лактобактерин, Бификол, Бактисубтил, Линекс, хилак-форте) тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |