Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Дәріс № Тақырыбы: Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер



бет228/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Дәріс №
Тақырыбы: Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер
Жоспар:
1. Эритропоэзды күшейтетін дәрілерге фармакологиялық сипаттама
2. Лейкопоэзді күшейтетін дәрілерге фармакологиялық сипаттама
3. Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілерге фармакологиялық сипаттама


I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
Эритропоэз - кемігінде (жілік майында) түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторлары қан аздықты (анемияны) емдеу үшін қолданылады.
1. Гипохромды (темір тапшылық) қаназдықта қолданылатын дәрілер (түс көрсеркіші 0,9 төмен)
Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасымалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағы гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода (жілік майында, бауырда, көк бауырда) болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілуі органикалық қышқылдардың (аскорбин, алма, фумар, лимон қышқылдары және т.б.) әсерінен аш ішекте өтеді. Темірдің сіңірілуі Со2+,Cu2+,Mn2+,Zn2+,Mn2+ микроэлементтерінің әсерінен жақсарады.
Қолдануы:Темір препараттарын теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сіңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданады.
Жанама әсері: жағынан ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуды, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таб., капс., драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан шайнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды еңгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алу бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында, созылмалы қабыну ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет