Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
6. Қайнатпа – Decoctum (Gen. sing. - Decocti) Rp.: Decocti corticis Quercus 200 ml
Da. Signa. Шаю үшін
7. Тұндырма – Tinctura (Gen. sing. - Tincturae) Тұндырмалар – әртүрлі өсімдіктерді спиртте тұндыру арқылы алынатын мөлдір сұйықтықтар. Барлық тұндырмалар (барлығы фармацевтикалық өндірістерде дайындалады) официнальды, тұнбалар мен қайнатпаларға қарағанда тұрақты дәрілік түр болып табылады. Тұндырмалар тығындалып жабылған шыны ыдыста, қалыпты бөлме температурасында қараңғы жерде ұзақ сақталынады.
Тұндырмалар официнальды болғандықтан, рецепте өсімдік бөлігі мен тұндырманың концентрациясы көрсетілмейді. Рецепте дәрілік түрдің атауы Tincturae (Тұндырмалар), одан соң өсімдіктің атауы мен тұндырманың мөлшері көрсетіледі. Тұндырмаларды тамшымен мөлшерлейді.
Rp.:Tincturae Valerianae 25 ml
Da. Signa. 25 тамшыдан күніне 3-4рет.