Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология



бет32/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология

    Бұл бет үшін навигация:
  • Infusi
5. Тұнба – Infusum (Gen. sing - Infusi)
Тұнбалар мен қайнатпалар – дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын сулы сығынды болып табылатын сұйық дәрілік түр. Тұнбалар өсімдіктердің жұмсақ жер бетіндегі бөліктерінен: жапырағы, гүлі, шөбінен дайындалады. Қайнатпаларды әдетте қатты тығыз өсімдік бөліктерінен: қабықшадан, тамыры мен тамыр сабағынан, кейде жапырақтарынан (мысалы, аюжидек жапырағы) дайындайды. Тұнбалар мен қайнатпалар дәріхана жағдайында науқасқа босатар алдында дайындалады. Тез бұзылуына байланысты салқын жерде сақталып, 3-4 күн ішуге ғана дайындалады. Тұнба мен қайнатпа рецепте тек қысқартылған түрінде жазылады.
Жазылымда дәрілік түрдің атауы ілік септігінің жекеше түрінде Infusi (Тұнба), Dесосtі (қайнатпа) деп көрсетіп, дәрі дайындалатын өсімдік бөлігі (жапырағы, шөбі, тамыры және т.б.), өсімдік атауы (бас әріппен), өсімдік шикізатының мөлшері және тұнба мен қайнатпаның жалпы мөлшеріне қатынасы сызықша арқылы жазылады. Соңынан D.S. (Бер. Белгіле.) көрсетіледі. Сигнатурасында тұнба немесе қайнатпаның бір рет қолданылатын мөлшері, қолдану әдісі және жиілігі көрсетіледі.
Rp.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 -180 ml
Da. Signa. 1 ас қасық күніне 3 рет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет