Сыртқа қолданылатын ерітiнділер:
Ертініділер рецепте қысқартылған және толық түрінде жазылады. Өндіріс жағдайында немесе дәріхана жағдайында еріткіш ретінде сулы, майлы және спиртті ерітінді қолданылып, рецепте қысқартылған түрі қолданылады.
Рецепт үлгісі.
- сулы ерітінділер:
а) пайыз бойынша (%)
Rp.:Solutionis Furacilini 0,02 % -50 ml
Da. Signa. Жараны жуу үшін
б) салмақ-көлемдік қатынасы түрінде (0,1-500 мл)
Rp.:Solutionis Furacilini 0,1 -500 ml
Da.Signa. Жараны жуу үшін
в) қатынасы бойынша (1:5000)
- майлы ерітінді:
Rp.:Solutionis Camphorae oleosae 1% -50 ml
Da. Signa. Буын аймағына сүрту үшін.
- спиртті ерітінді:
Rp.:Solutionis Viridis nitentis spirituosae 1% -50 ml
Da. Signa.Терінің зақымдалған аймағын сүрту үшін.
- официнальды ерітінділердің концентрациялары көрсетілмей жазылады.
Rp.:Solutionis Hydrogenii peroxydi dilutae 100 ml
Da. Signa. 1 ас қасық 1 стақан суда ерітіп, шаю үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |