1. Ерітінді– Solutio (Gen.sing - Solutionis) Ерітінді деп қатты дәрілік затты еріту немесе сұйық дәрілік затты еріткішпен араластыру жолымен алынатын сұйық дәрілік түрді айтамыз. Ерітінді дәрілік зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш ретінде жиі дистилденген су (Аquа destillata), кейде 70%, 90%, 95% этил спирті (Spiritus aethylicus 70%, 90%, 95%), глицерин (Glycerinum) мен сұйық майлар: вазелин, зәйтүн, шабдалы (ОІеum Vaselini, ОІеum Регsicorum) майлары пайдаланылады. Осыған сәйкес сулы, спиртті, глицеринді және майлы ерітінділер болып ажыратылады. Нағыз ерітінділер әр уақытта мөлдір, әрі майда бөлшектер мен тұнбалардан тазартылған, мөлдір болуы тиіс. Ерітінділер сыртқы тәнге және ішу үшін, сонымен қатар егу (инъекцияға) үшін де қолданылады.