Рецепт үлгісі:
Официнальды мазь
Rp.: Unguenti Tetracyclini hydpochloridi 3% - 15,0
Da. Signa. Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.
Дәріханада жасалатын мазь
Rp.:Sulfacyli – natrii 1,0
Lanolini 0,4
Vaselini ad 5,0
Misce fiat unguentum
Da. Signa. Қабақ астына күніне 3 рет.
2. Паста – Pasta (Gen.sing-Pastae)
Пасталар – құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар жағылмалардың бір түрі. Пасталар қою және тұтқыр болып келеді, жағылмаларға қарағанда тері бетінде ұзақ сақталынады. Егер құрамында ұнтақ тәрізді заттың мөлшері 25%-тен кем болса, онда индиферентті ұнтақтар, яғни толықтырғыштар мырыш оксиді (Zinci oxydum), крахмал (Amylum), тальк (Talcum) қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |