Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
4. Гранула – Granula ( Gen.pl.- Granulorum) Гранулалар – ішке колдануға арналған, домалак, цилиндр тәрізді немесе пішінсіз түрі бар бірыңғай бөлшек (дән) түріндегі қатты дәрілік түр. МФ X талабына сәйкес гранулалардың өлшемі 0,2-3 мм аспауы тиіс. Гранулалар – фармацевтикалық өндірістерде өндірілетін дәрілік түр. Өндірістерде қосымша зат ретінде қант, шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, крахмал, глюкоза, тальк, қант сиропы, тағамдық бояғыштар және тағы басқа заттар пайдаланылады. Иісі мен дәмі ащы, тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттар көбінесе гранула түрінде шығарылады.