1. Қатты дәрілер 2. Жұмсақ дәрілер 3. Сұйық дәрілер 4. Газ сипатты дәрілер
І. Қатты дәрілік түрлер: - таблетка- tabulettа
- қабық-capsula
- домалақ –dragee
- ұнтақ-pulvis
- жинақ-species
1. Таблетка-Tabuletta (Nom. sing-tabulettae, Acc. plur.-Tabulettas, Abl. plur . -in tabulettis). Таблеткалар деп дәрілік зат пен қосымша заттарды нығыздау тәсілімен алынатын, ішке қолданылатын мөлшерге бөлінген қатты дәрілік түрлер аталады. Олардың кейбір түрлерін сыртқа (алдын ала еріткеннен кейін) қолданады. Таблеткалар ыңғайлы дәрілік түр болып табылады: олар ұзақ мерзім сақталып, препараттардың жағымсыз дәмін жасыратын портативті қасиеті бар. Таблеткаларды фармацевтикалық өндірістерде арнайы машиналардың көмегімен дайындайды. Қосымша зат ретінде қант, крахмал, натрий гидрокарбонаты, натрий хлориді, какао, желатин ерітіндісі, су, спирт және т.б. қолданылады. Ұзақ мерзім сақталған таблеткаларды қабылдау алдында олардың ыдырағыштығын тексеру қажет.
Таблеткалардағы дәрілік заттарға рецепт жазғанда жазылымның екі түрін қолдануға болады. Кеңірек таралған түрінде дәрілік заттың аты және оның бір реттік мөлшері көрсетіліп, тағайындалатын таблеткалардың саны жазылады, D.t.d N…in tabulettis (осындай мелшерде таблеткаларды ... номерімен босат) және сигнатурасы көрсетіледі.