Дәрілерді қиыстырып қабылдағанда болатын әсерлер
Синергизм-бір дәрі екінші бір дәрінің әсерін күшейтуі. Антогонизм – бір дәрі екінші бір дәрінің әсерін әлсіретуі.
Дәрілік заттардың улы әсері
Дәрілер тұқым қуалаушылыққа әсер етуі мүмкін. Дәрілерді жүктілік кезінде әсіресе жүктіліктің алғашқы он екі аптасында қабылдағанда, туылғаннан кейін әр түрлі кемтарлыққа алып келетін әсері тератогенді әсер дейміз. Жүктіліктің он екі аптасына дейінгі дәрілердің ұрық дамуының бұзылысына алып келетін эмбриотоксикалық әсер дейміз. Ал он екі аптадан кейінгі кездегі ұрыққа фармаколгоиялық заттар ұрықтың кемтарлығын тудыратын әсерін фетотоксикалық әсер дейді.
дәріс №
тақырыбы: Жалпы рецептура
жоспар:
1. Рецепт, құрылысы. Дәрілік заттардың мөлшері.
2. Дәрілік түрлер.
3.Дәрілердің түрлеріне рецепт жазу ережелері
Рецепт - дәрігердің, фельдшердің немесе акушердің дәрінің бір реттік мөлшері мен саны, оны қолдану тәсілі көрсетілген, арнайы дәрілік қалыпта дәрі-дәрімекті босату туралы дәріханаға (провизорға, фармацевтке) жазған жазбаша сұранысы. Рецептің медициналық, заңды және қаржылық (тегін немесе жеңілдікпен босату үшін) мәні бар.
Дәрілік заттардың мөлшері.
Дәрілік заттардың мөлшері ондық өлшеу жүйесіндегі цифрлармен грамда көрсетіледі:
1,0-1 грамм немесе 1000 мг
0,1-1 дециграмм немесе 100 мг
0,01-1 сантиграмм немесе 10 мг
0,001-1 миллиграмм
0,0001- 1 децимиллиграмм немесе 0,1 мг
0,00001-1 сантимиллиграмм немесе 0,01 мг
0,000001-1 микрограмм немесе 0,001 мг
Достарыңызбен бөлісу: |