lodopovidon - йодоповидон (бетадин, йодовидон, повидон-йод): 10% 30 мл, 100 мл және 500 мл еріт. флаконда - операциялық алаңды, жарақатты, жараны, күйікті өңдеу үшін; 1% 100 мл еріт. флаконда - тамақты шаюға, 1% - 20,0 жағылмасы - зақымданған жерге жұқалап тәулігіне 3 рет жағуға, 0,2 супп.- қынапқа тәулігіне 1 рет ұйықтар алдында енгізіледі.
Іоdіnоlum - (Б) - йодинол: 100 мл флаконда шығарылып, жарақат, жара, күйіктерді емдеу үшін тәулігіне 1 -2 рет таңады; таңдай мен тамақты шаюға (әр 2-3 күн сайын) қолданылады. Құлаққа, мұрынға тамызады.
2. Тотықтырғыштар - микроб жасушасының ферменттік жүйесінің және протоплазма ақуызының тотығу-тотықсыздану процестерін бұзатын атомарлық (калий перманганаты) және молекулярлық (сутегіасқын тотығы) оттегінің бөлінуінен ыдырайды. Атомарлық оттегі бөліп, көпіршік тұзуіне байланысты жараны механикалық тазалап, қан кетуді тоқтатады, бірақ әсері қысқа және әлсіз. Бактерицидті әсер етеді. Екі препараттың да жағымсыз иіс кетіретін (иіссіздендіретін) әсері бар.