Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Антисептикалық және дезинфекциялық заттар. Антисептиктер



бет39/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар. Антисептиктер (аntі-қарсы, sерsіs) - тері, шырышты қабат, жарақат, күйік және дене қуыстарын өңдеуге арналған заттар. Дезинфекциялық заттар (des-теріс, іnfісіrе-зақымдаймын) - қоршаған ортаны (бөлмені, киімді, науқас күтіміндегі заттарды, аспаптарды) зарарсыздандыруға арналған заттар. Көптеген антисептиктер өте жоғары концен-трацияларында зарарсыздан­дыратын зат ретінде қолданылады.Антисептиктер мен дезинфекциялық дәрілердің микроорганизмдерге, қарапайымдыларға және саңырау-құлақтарға қарсы әсерінің спектрі кең, әсерінің латентті кезеңі аз, белсенділігі жоғары, соның ішінде биологиялық субстраттың қатынасында әсерінің спектрі кең. Препараттар химиялық тұрақты және бағасы жағынан тиімді болуы тиіс. Антисептиктерге қойылатын негізгі талап: ұлпаларға жергілікті тітіркендіргіш әсерінің болмауы, жағылған жерінде сіңірілуі, аллергиялық жағдайды және улылығы төмен болуы. Зарарсыздандыратын дәрілер өңделетін заттарды (түстің өзгеруі, металлдардың коррозиясы) зақымдамайтын, жағымсыз иісі болмауы қажет. Әртүрлі антисептиктер мен зарарсыздандыратын заттардың әсер ету механизмдері бірдей емес және ақуыз денатурациясымен, цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігінің бұзылуымен микроорганизмдер өмірі үшін маңызды ферменттерді тежеуімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет