Oleum Ricini - майсана майы: 1,0 капе. шығарылып,15 - 30 капе.; 30 мл флаконда шығарылып, 1-2 ас қасықтан ішуге белгіленеді.
- Осмостык іш жүргізетін дәрілерге: форлакс, лактулоза («Нормазе»,»Портолак»), маннит жөне сорбит жатады. Бұл препараттар ішектің осмостық қысымын жоғарылатып, созылмалы іш қатуда қолданылады.
б) Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер.
Әсер ету механизмі: тоқ ішекке электролиттер мен сулардың сіңірілуін төмендетіп, тоқ ішек рецепторларын қоздырады, ал аш ішекке әсер етпейді және де қоректі заттардың қорытылуы мен сіңірілуін бұзбайды. Әсері 8-10 сағ. соң байқалады. Көбінесе таңертең немесе түнге тағайындайды. Созылмалы іш қатуда қолданылады.
Жанама әсері: үйренгіштік тудырады, сондықтан препаратты кезектестіру қажет. Ұзақ қолданғанда - гипокалиемия, антраценгликозидтер шырышты қабықшанын, тіпті тік ішектің бұлшық ет қабықшасының зақымдалуын, бауыр қызметінің бұзылуын, ал синтетикалық іш жүргізетін дәрілер аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Ішектің түйілуінде, іш теспесі синдромында қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |