б) Әсері тікелей: in vivo және vitro - ағзада және одан тыс жерде (шыныда) түтікшеде белсенділік көрсетеді.
Донор (қан беруші) канының препараттары
Thrombinum - тромбин: құрамында 125 ӘБ тромбині бар флаконда шығарылады, қолданар алдында 10 мл 0,9% NaCI еріт. ерітеді. Тромбин фибриногенді фибринге айналдыратын, қан үю жүйесінің табиғи компоненті болып табылады. Майда капилярлардан және паренхиматозды мүшелерден қан кетуді тоқтату үшін тек жергілікті қолданылады! к/т жөне б/е еңгізуге болмайды (тромбоэмболия).
Фибриноген тромбиннің әсерінен фибринге айналады. Қандағы фибриноген құрамының төмендеуімен байланысты, қан кетуде (нүсқау бойынша күре тамырға) қолданылады.
Өсімдіктекті дәрілік препараттары: жұмыршақ (пастушья сумка), қалақай (крапива), мыңжапырақ (тысячелистник), айланшөп таран (қымыздық) (горец почечуйный) және т.б.
Желатин - қанның тұтқырлығын төмендетеді (ішке, т/а). Жергілікті гемостатикалық және коллагенді сіңдіргіш (губка), желатинді сіңдіргіш, феракрил (дәкені, тампонды ылғалдап) белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |