Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Кальций препараттары. Кальций иондары тромбоциттердің агрегациясын белсендіріп, протромбиннен тромбинге, фибриногеннен фибринге айналуын, тромбопластин түзілуіне, сонымен қатар қан үюының ретракциясына (тартылуы) қатысады, гипокапьциемияда колданған тиімді. Өкпе, асқазан-ішек, мұрын, жатырдан қан кетуде қан тоқтататын препарат ретінде, геморрагиялық васкулитте тамыр өткізгіштігін төмендету мақсатында белгілейді. Қабыну процестерінде және аллергиялық реакцияларда қолданылады.
Calcii chloridum - кальций хлориді: 10% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, тек к/т! (б/е, т/а еңгізуге болмайды, себебі ұлпа некрозы пайда болуы мүмкін); 5-10% еріт. ішке 1 ас, орта немесе шай қасықтан тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң қабылдау қажет.